Премьер-Министр жаңа әкімге Түркістанды түлетуде сенім білдірді

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен күні кеше үкімет тізгінін ұстаған Премьер-Министр Асқар Мамин Түркістан облысына арнайы табан тіреді. Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысып, Өмірзақ Шөкеевті Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындау туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын жеткізді. Депутаттар тарапынан бірауыздан мақұлданып, қолдау тапты.

Мұнан соң Премьер-Министр Түркістан облысының активімен өткен жиында Жансейіт Түймебаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, Түркістан облысының алғашқы әкімі ретінде ол облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру, жаңа облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымын ұйымдастыру және құрылыс жұмыстарының бастауына үлес қосып, Түркістанды түлетуде біршама тірліктер атқарды.

Кезек жаңа әкімді таныстыруға келіп жетті. Премьер-Министр рухани астананың жаңа әкімін таныстыра отырып, Түркістан облысының дамуы Елбасының ерекше назарында екендігін, сондай-ақ Мемлекет басшысының бастамасымен қасиетті Түркістан қаласында жаңа үлкен құрылыс басталғандығын атап өтті. Сонымен қатар, кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі мол Өмірзақ Шөкеевке әлеуметтік маңызды міндеттерді сапалы орындап, Мемлекет басшысының сенімін ақтайтынынын айтып, сәттіліктер тіледі.

«Айғақ-ақпарат».

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...