Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ТҮРКІСТАНДА ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
    Бас ақпарат

    ТҮРКІСТАНДА ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа23.02.2019511 Views
    Түркістан қаласында Полиция департаментінің жанынан азаматтарды қабылдауға арналған халықтық кеңсе (фронт-офис) ашылды. Жаңа ғимараттың ашылуына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков және мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының жетекшілері мен  БАҚ  өкілдері қатысты.
    Халықтың кеңсе жеке құрам және тергеу, әкімшілік полиция құрылымымен қамтылған. Сондай-ақ, полиция департаменті басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің үлгілері ілінген.  Аптаның дүйсенбісі мен жұма күндері таңғы сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін кеңседе халық 5-10 минуттың аралығында бүкіл полиция қызметіне қатысты сұрақтарына жауап ала алады.  Компьютерлер орталық базаға тіркелгендіктен көліктерге қатысты айыппұлдарды да көруге мүмкіндігі бар.
    Азаматтар кеңседе арыз-шағымдары қалдырып,  істің жүргізілу барысын бақылай алады. Ең бастысы, тұрғындарға көп кезек күтпей-ақ өз мәселелерін шешуге мүмкіндік бар. Азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, Әкімшілік полиция басқарамасының қызметкерлері, анықтаушылар, тергеушілер және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің мамандары жауап беретін болады. Аталған нысанда азаматтарды қабылдауға барлық жағдай жасалып, жедел басқару орталығымен бейнебақылау жүйесі тартылған.
    Полиция департаменті қызметкерлерінің айтуынша, фронт-офистің ашылуы азаматтардан келіп түсетін өтініштердің қаралу мерзімін қысқартып, полиция жұмысының ашықтығын және сұрақтардың жедел шешілуін қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне өзіндік септігін тигізеді. 
    Жаңадан ашылған ғимарат жұмысымен танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев халыққа қызмет көрсетудің сапасын тағы да жетілдіру керектігін атап өтіп, кеңсе жұмысына сәттілік тіледі. Мұнан соң, өңір басшысы Түркістан облыстық полиция департаментінің Түркістандағы жаңа ғимаратымен танысты.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.