Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Берік Әбдіғали: «Архив-2025» аясында 30 мың құжаттың көшірмесін әкелуді көздеп отырмыз —
    Бас ақпарат

    Берік Әбдіғали: «Архив-2025» аясында 30 мың құжаттың көшірмесін әкелуді көздеп отырмыз —

    Айғақ медиаАйғақ медиа23.02.2019333 Views
    «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғали «Архив-2025» бағдарламасының мақсаты мен міндеті туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    «Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында басталған «Архив-2025» бағдарламасына қысқаша тоқталып өтейін. Жақында ғана Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасы бойынша Ұлттық архив пен қолжазбалар, сирек кітаптар ұлттық орталығының жанынан «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығы құрылды. Арнайы республикалық жұмыс тобы құрылып, оған барлық орталық және өңірлік архив жетекшілері, облыстық архив басшылары кірді. Бүгінгі таңда «Архив-2025» мемлекеттік бағдарламасының жобасын дайындау көзделіп отыр. Сонымен қатар, архивтердің шетелден қайтарылған немесе анықталып, қайтарылмаған құжаттардың толық сараптамасын жасап, арнайы шетел архивтері мен кітапханаларына шығатын республикалық археографияық экспедициясын жасау жоспарлануда», — деді Берік Әбдіғали Астанада өтіп жатқан ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.
    «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы жетекшісінің айтуына қарағанда, биылдан бастап бюжеттік комиссия бойынша қаражат бөлінсе, бүкіл әлемдегі қазақтың тарихына қатысты құжаттар түгенделеді.
    «Бұл бағдарламада біз БҒМ-ның тарих, шығыстану институттарымен, ғалымдармен бірігіп жұмыс істейміз. Бүгінгі күні «Мәдени мұра», «Тарих толқыны» бағдарламаларының арқасында 36 635 құжат анықталған екен. Бірақ, оның 6 400-інің ғана көшірмесі келген. Сол себепті, бірінші кезекте ғалымдарымыз анықтаған, алайда елге әкелінбеген құжаттарды әкелу жоспарланып отыр. Бұл да біздің тарих ғылымының дамуына, тарихты түгендеуде жақсы қадам болмақ», — деді ол.
    Берік Әбдіғали жастарды тарихи құжаттармен жұмыс істеуге үйрете отырып, жастардың тарих ғылымына қызығушылығын арттыру бағытында жақсы мүмкіндік туып отырғанын атап өтті.
    «Бізде қытай немесе араб тілін білетін мамандар жеткіліксіз. Маман дайындап, архивтерге мамандарымызды тағылымдамаға жіберсек, көптеген құжаттарды әкелеміз деген сенімдеміз. Тарихымызды түгендеу бағытындағы жұмыстарымыз баянды болсын», — деді Берік Әбдіғали.

    Дереккөз: ҚазАқпарат.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.