2018 жылы Түркістан облысының спортшылары спорттың 52 түрі бойынша ҚР-ның чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып 387 алтын, 382 күміс, 365 қола медаль жеңіп алған.
Ал əлем чемпионаттары мен кубоктарында облыс спортшылары 32 алтын, 15 күміс жəне 16 қола медальге ие болды. Бұл туралы Түркістан облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев баспасөз жиынында мəлім етті.
Сонымен қатар, облыс орталығы алдағы екі жылда бірқатар жаңа спорттық нысандармен толықпақ. Соның бірі Түркістан қаласынан салынғалы жатқан 8 мың орындық стадион құрылысы болса, алдағы уақытта жергілікті жерден «Тұран» футбол командасы құрылмақ.