Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Шымкенттің тумасы жерлестерін Баянауылға шақырды
    Әлеумет

    Шымкенттің тумасы жерлестерін Баянауылға шақырды

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.02.2019301 Views

    «Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аудару» бағдарламасы әлі жалғасуда. Жыл өткен сайын мұны қоштайтындар көбейіп келеді екен. Бағдарламаға қатысатындар біріншіден мемлекеттен көмек қаражатын алады, жұмыспен қамтылып, шаруашылықпен айналысамын деушілерге де мархабат. Ең бастысы халқы күн сайын кеміп жатқан Солтүстік, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының ауыл-аймақтарын сақтап қалуға үлес қосасыз. Елбасының ұсынған бұл бағдарламасын насихаттау мақсатында миллионды мегаполиске Павлодар және Солтүстік өңірлерінен өкілдер келді. Осыған байланысты, Әл Фараби ауданының әкімдік ғимаратындағы мәжіліс залында жиын өтеді деп хабарланған. Алайда, жауаптылар ұйымдастыру жұмысын дұрыстап қолға алмағаны байқалды. Көшуге ниетті тұрғындарға хабарламаның өзі жетпеген сыңайлы.

    Президенттің тапсырмасын іске асыру үшін насихатты жүргізуге келген топ тек санаулы тұрғындармен жүздесіп, мүмкіндікті айтты. Мәселен, Павлодарда Баянауыл деген аудан бар. 22 мың тұрғыны бар аймаққа қоныс аударуға қызықсаңыз ондағы жалақы 70 мыңнан 120 мыңға дейін. Аудан бойынша 126 баспана бос тұр. Құны 1 миллионнан 5 миллионға дейін бағаланған. Жылына 200 мыңға жуық турист келетін Баянауыл ауданында мұғалімдер, дәрігерлер мен түрлі техникалық қызметкерлер жетіспейтін көрінеді. Бұл туралы Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Сейітжан Жұмашев хабарлады. 30 жастағы Шымкенттің тумасы мемлекеттік қызметтегі тәжірибені Керекуде жинауды жөн санаған. Аңыздар мекенінде қызметтің сатысынан өтіп жүрген әкімнің орынбасары жерлестерін шақыра келіпті.

    «Айғақ-ақпарат».

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.