Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесі экономикалық саясаттың негізгі элементі болуы тиіс» деген болатын. Аталмыш бағытты жүзеге асыруда Жамбыл облысында 2018 жылы жалпы сомасы 10,0 млрд. теңгеге 6 инвестициялық жоба іске асырылып, онда 481 жұмыс орындары ашылған.
«Казфосфат» «Минералды тыңайтқыштар» ЖШС ТФ – «Маркісі 10:46 аммофос өндірісінің көлемін ұлғайту 2-ші кезең». Жобаның құны 7000 млн. теңге. Жобалық қуаттылығы – жылына 500 мың тонна. Жоба бойынша жұмыс орындары бар штаттан құрылатын болады. 2018 жылдың 26 желтоқсанында іске қосылды.
«Ер Тай» ЖШС – «Өндірілетін қорғасын-мырыш кенін қайта өңдей отырып флотациялық-гравитациялық Ақсүйек байыту фабрикасын жаңғырту және қайта құру». Жобаның құны — 1200 млн. теңге. Жобалық қуаттылығы – жылына 15,5 мың тонна қорғасын-мырыш концентраты. Жоба бойынша 300 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2018 жылдың 10 қыркүйегінде іске қосылды
«Джанабекова С.С.» ЖК — «Кондитерлік фабриканың құрылысы» ІІ кезеңі». Жобаның құны — 850 млн.теңге. Жобалық қуаттылығы – жылына 4500 тонна. Жоба бойынша 70 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2018 жылдың 21 қыркүйегінде іске қосылды.
4. «Әулие — Ата Феникс» ЖШС – «Құс шаруашылығындағы қалдықтарды ет сүйек ұнына қайта өңдеу бойынша жаңа автоматтандырылған технологиялық желіні енгізу». Жобаның құны — 126,2 млн. теңге. Жобалық қуаттылығы — 800 тонна. Жоба бойынша 5 жұмыс орындары ашылды. 2018 жылдың 22 тамызында іске қосылды.
5. «Са-Ба ЛТД» ЖШС – «Меркі шағын мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту». Жобаның құны — 662 млн.теңге. Жобалық қуаттылығы 39102 тонна. Жоба бойынша 70 жұмыс орындары ашылды. 2018 жылдың 17 қыркүйегінде іске қосылды.
6. «Шакпак Дорсервис» ЖШС – «Битум зауытын қайта жаңғырту». Жобаның құны – 150 млн.теңге. Жобалық қуаттылығы – 17550 тонна. Жоба бойынша 36 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. 2018 жылдың 10 желтоқсанында іске қосылды.
2018 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау Картасына енгізіліп, іске қосылған инвестициялық жобалармен өндірілген өнім көлемі 22,7 млрд. теңгені құрады.