Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ТҮРКІСТАНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН «ПРЕМЬЕР-ЛИГА» БАСТАЛДЫ
    Бас ақпарат

    ТҮРКІСТАНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН «ПРЕМЬЕР-ЛИГА» БАСТАЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.02.2019516 Views

    Жуырда Түркістан облысы әкімдігінің есеп беру жиынында жас тұрғындардың бірі өңір басшысына жасөспірімдер мен жастар арасында футболдан жарыс өткізу жөнінде ұсыныс айтқан болатын.  Жансейіт Түймебаев жұртшылық алдында бұл бастамаға қолдау көрсетенінін әрі жарыстың ашылу салтанатына арнайы баратынын  мәлімдеген-ді. Уәде орындалды.

    Кеше Түркістан қаласында жаңадан ашылған «Жастар ресурстық орталығының» спорт алаңында футболдан облыс әкімінің жүлдесіне арналған қала чемпионаты басталды. Дүбірлі бәсекеге Түркістандағы шағынаудандар мен елді мекендерден 30 команда қатысуға құлшынып отыр. Аула клубтары арасындағы жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.«Жасөспірімдер мен жастар спортпен шұғылданып, үйрімелерге қатысып жүрсе, жаман әдеттерден аулақ болады. Аула клубтары арасындағы бұл чемпионат бұқаралық спортты дамытуға серпін береді деп сенемін», – деген ол Түркістанда заман талабына сай спорт кешендері мен мектептері көбейетінін айтты.Шағын футбол додасы бірнеше айға дейін созылады. Спортсүйер қауым бұны Түркістан қаласының кішігірім «премьер-лигасы» деп те бағалауда.  Облыс әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері, үздік ойыншыларына бағалы сыйлықтар тапсырылады. Алдағы уақытта Түркістанда спорттық сайыстар саны артады. Бұл өз кезегінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты азайтады деген сенім бар.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.