Жастар форумының галстуксыз өткізілгендігін айтуымыз керек. Еркін форматта ұйымдастырылған басқосуда аудан-қала жастары өз ұсыныстарын айтып, көкейдегі сауалдарына облыс əкімінің өзі жауап беріп отырды. Елбасы қамқорлық жасаған кезде жастар барынша мүмкіндікті пайдаланып, ел дамуының даңғыл жолында қоғамнан өз орнын табуы маңызды. Бүгінгі жиынның мəні — ерек, жөні — бөлек. Өйткені, рухани астана жастарына үлкен үміт артылуда. Жарқын болашақтың бастаушысы болар белсенді жас — жаңа облыс орталығын көркейту жолында жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруымыз керек. 4000 жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларды оқыту үшін бюджеттен биыл 1 млрд. қаражат бөлінеді. Бұл туралы Түркістан облысының əкімі Жансейіт Түймебев айтты. Ал, «Əр ауылға өз шебері» облыстық бағдарлама шеңберінде қайта маманданатын тұрғындар əр елдімекенге қажетті мамандықты игеріп жұмыс істейді. Ағаш шебері, токарь, электрик, тігінші, шаштараз секілді сұраныстағы еңбек иелері бар. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін облыс қазынасынан 400 млн. теңге бөлініп отыр. Осындай шаралар арқылы шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамытудың тағы бір мүмкіндігі туып отыр. Есесіне, əрбір ауыл тұрғыны өз қаражатын өзі табатын болады. Елбасының тапсырмасына сəйкес, Түркістан жастарының құрылыс жасағын құрылған. Оған 3000 адам кіріп отыр.
Ал, «Жасыл ел» арқылы түркістандық 1300 жасты тағы да жұмыспен қамту көзделіп отыр.Өз кезегінде форумға елордадан арнайы келген ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Қажыкенқызы Түркістанның жастары барлық қазақстандық жастарға үлгі болатындығын ерекше атап берді. Осы тұста рухани астана жастарының мəртебесі биіктей түскендігі көңілдерді қуантты.