Түркістан қаласында əйгілі кинорежисер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмінің таныстырылымы өтті. Қ.А.Ясауи университетінің мəдениет сарайында өткен шараға фильмнің басты рөлін сомдаған Самал Еслямова мен режисері Сергей Дворцевой да арнайы келген.
Айта кетсек аталмыш фильм өткен жылы «Оскар» силығына үміткерлер тізіміне енсе, артынша Францияда өткен 71 Канн кинофестивалінде басты рөлді сомдаушы Самал Еслямова «Үздік əйел рөлі» номинациясының жеңімпазы атанды. «Айка» фильмі Мəскеуде босанған баласын перзентханаға тастап кеткен Қырғызстандық мигрант қыздың оқиғасын суреттейтін драма жанрында түсірілген.
Осы орайда фильмнің таныстырылымы барысында ХҚТУ ректоры Болатбек Абдрасилов құттықтау сөз сөйлеп фильм режисері мен басты рөлді сомдаған актриса Самал Еслямоваға сый құрмет көрсетті. Ал мұнан соң жиналған көпшілікке фильмнен үзінділер көрсетіліп студенттер кино мамандарына өз сауалдарын жолдауға мүмкіндік алды.