Қол күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Жарыс ең алдымен баспасөз жиынымен басталды. Тілшілермен басқосуға әлемдік деңгейдегі төрешілер, аңыз спортшылар мен Америка Құрама Штатының қол күрестен президенті және Қазақстанның үздік спортшылары келген. Кездесу барысында қол күрес спортының қазіргі жағдайы қызу талқыға түсті. Шетелдік қонақтар жиыннан кейін, «Шардара армспорт» клубының ұйымдастырған сайысын тамашалады.
Қазақстанда алғаш рет қол күрес спортының негізін қалаған Владимер Залмановичтің 80 жасқа толуына орай ұйымдастырылған жарыстың баспасөз конференциясына жас спортшылар да шақыртылған. Жас буын аты аңызға айналған, әлемге танымал Эндрю Родос және Игорь Мазуренко, сондай-ақ қазіргі уақытта еліміздің туын көтеріп жүрген жас спортшы Қыдырғали Оңғарбаевпен жүздесуге мүмкіндік алды. Сұхбаттасу барысында қол күресудің қыр-сырымен және қиында-қызықты сәттерін бөлісті.
Қол күресу спортынан Қазақстан әлемде алғашқы орында деп нақты айта аламыз. Әзірге, алдымызды орап тұрған Ресей елі ғана. Себебі, қол күрес олимпиадалық спорт тізіміне енбегендіктен, бұл салаға қаржы да бөлінбейді екен. Сондықтан, бірінші болуымызға қаржының жетіспеуі кедергі келтіріп отыр.
Сіз білесіз бе? Қол күрес саласында спортшылар 40 жастан бастап зейнетке шығады. Ал, америкалық мына спортшы 46 жасына дейін қол күрескен. Ешкім жыға алмаған бұл американдықты қазақтың 18 жасар Шынболат Райханов деген жігіті жеңіп, қабырғасын қоса сындырып жіберген. Осы оқиғадан кейін, Эндрю Родс зейнетке шығуына мәжбүр болған. Дәл бүгінгі кездесуде олар бір-бірінен кешірім сұрап, жас батырларға сәттілік тіледі.
Баспасөз жиынына кейін, еліміздің 16 облысынан келген әр түрлі салмақтағы 800-ге жуық спортшының өнерлерін тамашалады. Дәстүрлі түрде үшінші рет өткізіліп жатқан жарыстың басты мақсаты – жастар мен ересектер арасында қол күрес спортын дамыту.Халықаралық жарыстарға қатысатын және қазақс елінің намысын қорғайтын спортшыны анықтау. Ең бастысы, спортқа қызығушылардың қатарын арттырып, қол күресті кеңінен насихаттау.