Бүгін Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында ел мақтаныштары, қазақ спортының саңлақтары жастармен кездесті. 9 білім мекемесінен келген спорт сүйер жастармен сұxбаттасушылар қатарында Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» Асқар Ақжолов, бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері Ермаxан Ыбырайымов, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы, бокстан әлем чемпионы Біржан Жақып және xалық арасында «Сұңқар» лақап атымен танылған, ережесіз жекпе-жектен түрлі тұжырымдамада өнер көрсетіп, әлемнің үш дүркін чемпионы атанған Арман Оспанов та бар. Маңызды кездесу барысында кеш қонақтары Ұлттық бокс құрамасының келешегі, жастардың спортқа бет бұруы мен алдағы жоспарлары туралы ой бөлісті. Спортқа қызығушы жастар да көкейде жүрген сұрақтары мен саңлақтардың спорт жолына қалай келгендігі жайлы толық қанды мағлұмат алды. Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан бокс саласы бойынша әлемдік ареналарда жоғары деңгейден көрінуде. Мұндай кездесулердегі жас буынға аға буынның айтқан ақылы мен тәрбиесі ұрпақтар сабақтастығының бір көрінісін көрсетеді.