Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Жаңалықтар. 8 ақпан, 2019 жыл.
    Айғақ MEDIA

    Жаңалықтар. 8 ақпан, 2019 жыл.

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.02.2019338 Views

    — 26 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы аясында 13 мыңнан астам стипендия тағайындалса,  шет елде білім алған студенттердің 10 мыңы елге оралған. Өзге елде білімін шыңдауға ниеттенген талапкерлер санының артуына байланысты  грант көлемі ұлғайыпты. Дәлірек айтқанда 2019 жылы Қазақстаннан  шекара асып оқуға ұсыныс білдіргендер үшін «Болашақ» халықаралық степендиясы  20 мыңға жуық грант бөліп отыр.

    — Теріскейдегі тірлік табанды жүзеге асып келеді. Өткен жылы өнеркәсіп өнімі өркендеп, бюджетке түскен салықтық қаражаттың көлемі артқан. Биыл бұл межені тағы да асыра орындау жоспарланып отыр. Мәдени іс-шаралардың да қатары көп. Мәселен, Биыл ұлт мақтанышы Сұлтанбек Қожановтың туғанына 125 жыл. Ақсүмбе азаматының есімін иеленген туған ауылындағы мектеп ғимараты жаңартылмақ. Аудандағы бірқатар мектептердің мәселесі де шешіледі. Жылдық есептің жалпы қорытындысы қандай болды?

    —  Төлеби ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға күш салу қажет. Аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің қорытынды есеп беру жиынына қатысқан Жансейіт Түймебаев осылай деді. Ауданға арнайы ат басын бұрған Түркістан облысының әкімі туризмді аймақтың әлеуетін де арттыру керектігін, атқарылған жұмыстарға баға берді.

    — Еліміздің бірқатар облыстарында ызғарлы қыс маусымы қаһарына мініп тұр. Яғни ақпан айының басында аймақтарда күн райы күрт суытып  қалың қар қар түсіп үлгерді. Бұл ретте күні шуақты саналатын Түркістан облысындағы маңызды көлік жолдары мен асулардың ахуалы қандай? Осы сауал төңрегінде арна тілшілері «Оңтүстік жолдары» мекемесінің қыс мезгілінде атқарып жатқан жұмыстарымен етене танысып қайтқан болатын. Облыстық маңыздағы 4300 шақырымға жуық жолдарды қыста қардан тазартып күтіп ұстауға жауапты мекеменің мамандары  қазіргі таңда аймақта  жолдар мен асулардағы жағдайдың тұрақты  екендігін айтады.

    —  Жемқорлық – қоғамдағы қауіпті дерт. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың сан түрі дәл бүгінгі күні қаптап кеткен. Алайда, елімізде бұл мәселенің алдын алуда біршама ілкімді істер атқарылуда. Барлық салада «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында электронды түрде жұмысқа қабылдану мен қызмет көрсету басталып кетті. Соның бірі — білім саласында. Балаларды мектепке, балабақшаға және педагогтардың білім ошағына ешқандай парасыз қабылдануы үшін sitcen.kz жобасы ұйымдастырылды. Аталған жоба аясында Түркістан облысында білім саласындағы заң бұзушылық 65 пайызға төмендеген. Бұл — қоғамда орын алып жатқан сыбайлас жемқорлық 100 пайыз тыйылды деген сөз емес. Әлі де күрес жалғасын табуда. Осыған орай мамандардың арнайы пікірін біліп қайтқан болатынбыз. Шымкент қаласы Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Жанат Тәжиева лицензия алудың өзіндік заңнамасын түсіндіріп берді.

    — Әлеуметтік желіде тараған кішкентай баланың өз отбасын асырап отырғаны туралы видеоны көрген боларсыз. Әуесқой түсірілімнен 6 сынып оқушысының қажетсіз темірлерді жинап, одан түскен ақшамен кішкентай 5 бауырын асырап отырғаны мәлім болады. Бұл видео барша мейірімді жандарды елең еткізбей қоймады. Қамқоршы азаматтар жұмыла ақша жинап, кішкентай батырдың отбасына баспана алып берді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.