Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Елбасы облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді
    Бас ақпарат

    Елбасы облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.02.2019143 Views

    Қазақстан Президенті халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру мемлекеттің негізгі міндеті саналатынын айтты.

    – Ең бастысы – әлеуметтік мәселелер, коммуналдық қызметке қатысты тарифтер, аса қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасы. Мұның бәрін сіздер айрықша бақылауда ұстауларыңыз керек, – деді Мемлекет басшысы.

    Нұрсұлтан Назарбаев жылу беру маусымы аяқталғанға дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ күннің жылынуына байланысты су тасқыны қаупінің алдын алу мәселелеріне арнайы тоқталды.

    – Былтыр апатты жағдайлар көп болды, биыл оның қайталануына жол бермеу керек. Табиғаттың қауіп-қатерлеріне қарсы шұғыл әрекет етіп, алдын ала тиісті шаралар қабылдау қажет. Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында 800-дей адам мен 280 автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Біз адамдарды қауіпті жағдайда қалдырмауымыз керек. Төтенше жағдайлардың салдарын жою, оның алдын алуға қарағанда, бірнеше есе қымбатқа түседі, – деді Елбасы.

    Сонымен қатар, Қазақстан Президенті азаматтардың арыздары мен өтініштерін өзара іс-қимылдың «кедергісіз» форматын қалыптастыру арқылы шұғыл қарастыру қажет екенін айтты.

    Мемлекет басшысы еліміздегі оң өзгерістердің басты қозғаушы күші саналатын белсенді жастармен жұмыс жүргізу қажеттігіне назар аударды.

    – Мен жақында жастармен кездестім. Өңірлеріңізде талапты жас азаматтар бар. Егер бір рет болса да олардың басын қосып, әңгімелессеңіздер, көптеген маңызды ұсыныстар естисіздер. Қоғамның осындай белсенді өкілдерін жұмысқа тартып, оларды өзгелерге үлгі ету керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Елбасы өңірлердегі азаматтардың жеке қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ісіне облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері жауап беретінін айтты.

    – Біз құқық қорғау жүйесін реформалауға кірістік. Сіздерге полиция департаменттерінің бастықтарын тағайындап, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде міндеттер белгілеу құқығын бердік. Сіздер жергілікті жерлердегі тәртіп үшін солармен бірдей жауап бересіздер, – деді Қазақстан Президенті.

    Мемлекет басшысы көктемгі дала жұмыстарын техникамен, тұқыммен, тыңайтқышпен және жанар-жағармаймен уақтылы қамтамасыз ету, сондай-ақ бірқатар ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қарызына қатысты мәселелерді шешу қажеттігіне арнайы тоқталды.

    Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігіне бүгін жүктелген барлық міндеттердің іске асырылуын бақылауға алуды тапсырды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.