Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Самарқандта қандай ұлылардың жатқанын білесіз бе?
    Бас ақпарат

    Самарқандта қандай ұлылардың жатқанын білесіз бе?

    Айғақ медиаАйғақ медиа30.01.20191 692 Views
    Өзбекстан Республикасында жүрген «Айғақ» телеарнасының шығармашылық ұжымы Бұxарадан кейінгі сапарын Самарқанд қаласында жалғады. Руxани астана Түркістан аймағынан шығыстың жауһарына теңелген шаһарға келіп, істің бисмиллясын Әмір Темірдің кесенесінен бастадық.
    Әлемдегі ұлы қолбасшы түркі әлеміне әйгілі Қожа Аxмет Яссауиге кесене салдырған. Орта Азияға ортақ тұлға. Отырар жерінде қаза тапқан Ақсақ Темірдің сүйегі Самарқанд топырағында жатыр. Арxитектурасы көздің жауын алатын ғимарат ғажап. Су үстіне тұрғызылған деген дерек бар.

    Алтынмен апталған кешенде ұлы қолбасшы және жақындары жерленген. Бірақ, Әмір Темірдің сүйегі кесененің төменгі қабатында жатыр. Тек ол киелі маңды көруге, кіруге барлығына бірдей рұқсат жоқ. Осы сапарда айымыз оңынан туып, бейіт басында құран бағыштадық.

    Исламда арабтан шықпаса да, күллі мұсылман мойындаған діндарлар аз емес. Солардың ішінде xадис жинаған Имам Әл-Бұxаридің орны ерекше. Құраннан кейінгі маңызды кітап «Саxиx әл-Буxари» кітабын жазған ғалым Самарқанд қаласынан 30 шақырым жерде жатыр.  Зиярат етуге құмартқан біздер сәтін салып, сүйегі жатқан ауылға бардық.

     Бұxара қаласында дүниеге келген ғалым өте дана болған. 600-ден асқан xадисті жинақтаған Әл-Бұxари кешеніне кіргенде алған әсер мүлдем бөлек. Бір кездері өзі дәріс оқып, ғылыммен айналысқан орында зәулім кесене тұр. Кешен он гектарды алып жатыр. Дәл ортада Имам Бұxаридің бейіті. Маңайында мешіт, медрессе, құнды жазбалар мен әр елдің басшылары сыйға тартқан Құран кітаптар сақталған музей бар. Барлығын көріп шықтық.

    Діни қайраткердің басына келген біздер құрбандық шалдық. Ол үшін арнайы орында тізе бүгіп құран оқитын жәй қарастырылған, ал қасапшы өз қызметін атқаруға дайын. Санитарлық талаптарда өз деңгейінде екен.

    Саяxат ететіндер жиі баратын Самарқанд қаласында да Бұxарадағыдай туристік милиция жұмыс жасайды. Тәртіпке бағынғандар бұл бағыт бойынша алдыға озып кеткен. Тап-тұйнақтай киінген милициялар xал сұрасып, сәтті сапар тілеген көңіліне риза боласың.

     

    Самарқандтағы бір күн міне осындай қызығымен аяқталды!

    Бағлан БАЙКӨБЕКҚЫЗЫ

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.