Қазақстанға ресми сапармен келген Зимбабве Республикасының Президенті Эммерсон Мнангагваны салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін кеңейтілген құрамдағы келіссөз өтті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынастарды тереңдетудің маңыздылығын атап өтіп, ықпалдастықты одан әрі дамытудың негізгі бағыттарына арнайы тоқталды.
– Біз сыртқы саясатымызда, соның ішінде Африка бағытында кең ауқымды сауда қарым-қатынастарын дамытуға және халықаралық бастамаларды өзара қолдауға ұмтылатын боламыз, – Қазақстан Президенті.
Зимбабве Республикасының Президенті Қазақстанға ресми сапармен келуге мүмкіндік туғызып, Зимбабве делегациясына қонақжайлылық көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.
Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібі салалары бойынша екі жақты ынтымақтастық орнату, сондай-ақ Зимбабвенің көлік-логистика желісін жаңғырту және қайта өңдеу ісінде бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Ақорда.