Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«ТҮРКІСТАН – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ
    Айғақ MEDIA

    «ТҮРКІСТАН – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.01.2019558 Views

    Бүгін Түркістан қаласы облыс әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік Департаментінің ұйымдастыруымен «Түркістан – адалдық алаңы» атты жобалық кеңсесінің таныстырылымы өтті. Аталмыш жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, сондай-ақ орталық органдардың аумақтық департамент басшылары мен облыстық басқарма басшылары, облыстық арнайы мониторингтік топ төрағасы және кеңселік жоба қызметшілері қатысты.

    Жобаның негізгі мақсаты – Түркістан облысында қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және қоғам арасында сыбайлас жемқорлықты қабылдамау мәдениетін қалыптастыру. Шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев, облыс әкімінің орынбасы Мәлік Отарбаев, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Ерлан Мұстафа баяндама жасады.

    Жиында аталған жобаның атқаратын негізгі қызметімен Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев таныстырып өтті.

    «Жобаны жүзеге асыру барысында келесі салаларды қамту көзделіп отыр. Мәселен, тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Аталған салалар бойынша «білім», «денсаулық сақтау», «халықты әлеуметтік қолдау», «сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары», «мемлекеттік кірістер органдары», «сот және құқық қорғау органдары», «бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі» тәрізді бағыттар қамтылады. Сонымен қатар, жоба барысында талдау немесе жетілдіру объектісі болатын мемлекеттік мекемелерге және де, қоғам өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық, зерделік жұмыстар жүргізу көзделіп отыр», – деді Ғ.Тұрсынбаев.

    Бұдан өзге, жоба аясында алдағы уақытта атқарылатын қызметтердің жұмыс барысы талқыланды. Жиынға төрағалық еткен өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы барлық басқармалар мемлекеттік қызметті көрсетуде азаматтарға қолайлы жағдай жасау керектігін тапсырды. Сонымен қоса, ашықтық пен мемлекеттік қызметкерлердің әдебін көтеру керектігін айтты.

    Аталған жобаны биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін жүзеге асыру көзделуде. Өз кезегінде, жобалық кеңсенің жұмыс атқару мерзімі Агенттік төрағасы мен облыс әкімінің бірлескен шешіміне сәйкес ұзартылуы мүмкін.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.