Гиннес рекордтар кітабының комиссиясы ақтөбелік дәрігерлердің рекордын растады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Жақында біз біздің рекордтың (комиссиямен – ҚазТАГ) ресми расталғаны және Гиннес рекордтар кітабына енгізілгені туралы хабар алдық. Біз қуаныштымыз және аталмыш акцияға қатысқан әр дәрігерге алғыс айтамыз», — деді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев сейсенбіде.
Еске салсақ, Ақтөбеде 2018 жылдың 5 шілдесінде бір сағат ішінде 500 дәрігер 18-60 жас аралығындағы 4270 ақтөбеліктің қан қысымын өлшеп, оларға тиісті ұсынымдар беруге бағытталған көлемді акция өтті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы аталмыш оқиғаны Гиннестің рекордтар кібатына енгізуге өтінім берген.
Бұған дейін қан қысымын өлшеу бойынша әлемдік рекордты Үндістан жасаған болатын: 2015 жылы үнділіктер 1 сағатта 3 600 адамның қан қысымын өлшеген.