Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Шымкентте республикалық маңыздағы қалаларға қатысты нормалар қолданылады
    Бас ақпарат

    Шымкентте республикалық маңыздағы қалаларға қатысты нормалар қолданылады

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.12.2018212 Views
    Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласы республикалық маңызы бар шаһар санатына жатқызылды. Оңтүстік Қазақстан облысы атауы Түркістан облысы деп өзгертілді және оның әкімшілік орталығы Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшірілді.
    Конституциялық заң жобасымен «Қазақстан Республикасында сайлау туралы» және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңдарға өзгерістер енгізу көзделген.
    ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің сөзіне қарағанда, аталған заң жобасын қабылдау заңнамалық актілердің республикалық маңызы бар қалаларға қатысты нормаларын Шымкент қаласына да қолдануға мүмкіндік береді.
    Сонымен қатар, жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын екі оқылымда қабылдады.
    «Бұл құжат кейбір заңдардың жекелеген нормаларын әкімшілік-аумақтық өзгерістерге сәйкес келтіруге бағытталған. Заң жобасында Шымкент және Түркістан қалалары үшін салық мөлшерлемелерін өзгерту бөлігінде Салық кодексіне түзетулер енгізу көзделген. Өзгертілген салық мөлшерлемесін бірден енгізбей, өтпелі кезең берумен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу ұсынылады», — деді Т. Сүлейменов.
    Бұдан бөлек, Түркістан облысы әкімшілік орталығының көшірілуіне байланысты Түркістан қаласының 12 ауылдық округі Кентау қаласына жатқызылды. Тиісінше, аталған ауылдық округтерге экологиялық үстемақыны сақтап қалу үшін «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына түзетулер енгізіледі.
    «Бұл түзетулерді қабылдау үздіксіз әлеуметтік қамсыздандыру және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осы түзетулер Шымкент қаласы мен Түркістан облысы мемлекеттік органдарының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді», — деді Ұлттық экономика министрі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.