Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің алғашқы отырысы өтті
    Бас ақпарат

    Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің алғашқы отырысы өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.12.20181 550 Views

    Бүгін Шымкент қаласы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында қала әкімі Ғабидолла Әбірахымовтың қатысуымен Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиынға қала басшылығы, қалалық мәслихаттың хатшысы мен депутаттары, басқарма басшылары, аудан әкімдері, құқық қорғау органдарының өкілдері, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының және қалалық этномәдени бірлсетіктерінің жетекшілері және ЖОО-ның басшыларымен белсенді жастар қатысты.

    Кеңес отырысында қалалық Ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері бекітіліп, жалпы ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуда қалалық Ассамблеяның алда атқаратын жұмыс бағыттары айқындалды. Сонымен қатар, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер бойынша хабарлама жасады.Сондай-ақ, кеңес отырысында Шымкент қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пактің, қалалық славян этномәдени бірлестігінің төрайымы, оқушылар сарайының директоры Наталья Романованың, «Global cofee және salem cofee» ЖШС-нің директор, жас кәсіпкер Данияр Мамирхановтың хабарламалары тыңдалып, Елбасының биылғы Жолдауы мен бағдарламалық мақалаларын іске асыруда Ассамблея мүшелерінің қосар үлесі талқыланды.

    Басқосуда ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Назарбаевтың атынан ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтарды Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы арнайы марапаттады. Атап айтқанда, қалалық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиев пен әзербайжан этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Арзу Гурбанова Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен, белгілі кәсіпкер, меценат Айдар Досболов Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен, танымал қолөнер шебері Берік Бейісбеков, қала әкімі аппараты «Қоғамдық келісім » КММ бөлім басшысы Әмірхан Құдайберген Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет Грамотасымен, «Ладушки» кондитерлік дүкендер желісінің бас директоры Светлана Лугина Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталды.

    Айта кету керек, Шымкент қаласы әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы биылғы жылдың шілде айында құрылып, қала аумағында жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік мекемеге көшірілген.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.