• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Ақпан 20, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Анкарада «Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың рухани жаңғыруы» атты кітаптың тұсауы кесілді

06.12.2018
0
5 желтоқсанда Анкарада ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың рухани жаңғыруы» атты конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараны Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен Түркияның алғашқы Президенті Мұстафа Кемал Ататүрік құрған, осы елдің ең беделді құрылымдарының бірі саналатын Түрік тарих ұйымыны ұйымдастырды. Қолдау көрсеткен — Түркия Республикасы Президент Әкімшілігі.
Жиынға Елші Абзал Сапарбекұлы, Түркия Республикасы Президентінің Бас кеңесшісі Ялчын Топчу, Түрік тарих ұйымының басшысы Рефик Туран, сондай-ақ Түркияның басқа да ықпалды саяси тұлғалары, танымал ғалымдар мен жоғарғы оқу орындарының ұстаздары қатысты.
Жиынды ашқан Түрік тарих ұйымының басшысы Рефик Туран Түркі әлемі Қазақстанның Еуразиядағы белсенділігі мен ықпалының артуына сүйсініп отырғанын айтты. Ол, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлт мүддесі үшін қажетті мақсаттарды жүзеге асырған, халыққа жол ашқан және келешектің келбетін айқындаған көшбасшы екенін жеткізді. Анкарада «Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың рухани жаңғыруы» атты кітаптың тұсауы кесілді.
Өз кезегінде, Елші А. Сапарбекұлы Елбасының Қазақстан ғана емес, Орталық Азия және күллі Түркі әлемінің баянды болашағы үшін аянбай еңбек етіп келе жатқанын айтып, Мемлекет басшысының Түркі кеңесін құру, Түркия мен Ресей арасындағы ұшақ дағдарысын оңғару және Сирия мәселесін шешуге бағытталған Астана процесін ұйымдастыру сияқты бастамаларына тоқталды.
Анкарада «Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың рухани жаңғыруы» атты кітаптың тұсауы кесілді Түркия Парламентінің депутаты, Түркия-Қазақстан достық тобының басшысы Мехмет Али Жевхери ұлы ойшыл, бүкіл түркі жұртына иман нұрын шашқан ағартушы Ахмет Ясауи ілімі жөнінде сөз қозғады. Ол Қазақстанды әлемге танытып, басқа елдермен ынтымақтастық орнату арқылы заманауи мемлекет құрған және Түркі әлемінің ақсақалы атанған Н. Назарбаев пен Ясауи бабамыз арасындағы рухани сабақтастыққа назар аударды.
Жиынға арнайы қатысқан Түркия Президентінің Бас кеңесшісі Ялчын Топчу Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық саясаты мен көрегендігін атап өтті. «Тұғырлы мемлекетті құрушы кемеңгер көшбасшы ретінде танылған Н. Назарбаев — Түркі-Ислам әлемінің Ақсақалы және қазақ бауырларымыздың ғана емес, бүкіл Түркі әлемінің мақтанышы» — дейді ол.
Жиын Сейфеттин Ерол, Хасан Үнал және Күршат Зорлу сияқты Түркияның танымал ғалымдары және талдау орталықтарының басшылары баяндама жасады. Сөйлеушілер қазақ Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты ауқымды мақаласын жариялау арқылы Қазақстанның рухани жаңғыруына ғана емес, Түркі әлемінің бірігуіне бағдар беретін тағы бір маңызды қадам жасағанын тілге тиек етті. Сарапшылардың пікірінше, Елбасы өзінің бағдарламалық мақаласында Қазақстанның түркілік табиғатын айқындайтын маңызды тұжырымдар жасап, Қазақ елінің Түркі әлемімен байланысын бекіте түсетін практикалық қадамдарды ұтымды ұсынған.
Анкарада «Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың рухани жаңғыруы» атты кітаптың тұсауы кесілді Сонымен қатар, конференция аясында Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігі және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қолдауымен қазақ және түрік тілінде жарық көрген «Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың рухани жаңғыруы» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Кітапқа Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты қазақ және түрік тілдеріндегі мақалалар енген. Анкарада «Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың рухани жаңғыруы» атты кітаптың тұсауы кесілді

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Айғақ медиа
18.02.2026
0

ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА COVID-19-ДЫҢ БЕС ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Денсаулық сақтау министрлігінде бұл «Омикрон» коронавирус штаммына қатысты екенін нақтылады.Жұқтырудың бес жағдайын Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тіркеді. «Өткен...

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау...

СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданы барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газ желілерін іске қосу рәсіміне қатысты....

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ ҮШ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылдың 23 қаңтарында Абай және Келес аудандарының үш тұрғыны ауыр жағдайда 2-деңгейлі Инсульт орталығынан 3-деңгейлі Облыстық клиникалық аурухана жанындағы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.