• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қазан 21, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 27 қараша, 2018 жыл.

28.11.2018
0

— Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен рухани астананың бас жоспары талқыланды. Жиында сөз алған аймақ басшысының бірінші орынбасары Қайрат Нүкенов жобалардың орындалу барысын баяндады. Қазіргі уақытта облыс орталығында бой көтеретін жаңа әлеуметтік және мәдени нысандардың құрылысына байланысты халықаралық сәулет конкурсына ұсынылған жұмыстар іріктелуде. Нысандар орналасатын аумақтарда жер бөлу жұмыстары жүргізілуде.Өз кезегінде облыс әкімі жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалу керектігін атап өтті.Кездесу соңында қала әкіміне, облыстық құрылыс басқармасы мен сәулет және қала құрылысы басқармасының басшыларына, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берілді.

— Еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі М:Әуезов атындағы ОҚМУ-нің құрылғанына 75 жыл. Мерейтой аясында көптеген іс-шаралары жоспары қолға алынып, бүгін алғашқы отырыс басталып кетті. ҚР ЖОО-ның Ректорлар Кеңесінің көшпелі мәжілісінде бірқатар шетелдік университеттермен келісімшарт түзілді. Ең бастысы М.Әуезовтың 1954 жылы жазған, еш жерде жарияланбаған қолжазбасының түпнұсқасы енді ғалымның есімін иеленген мемлекеттік университетте сақталатын болды. Қолжазба салтанатты шара барысында университет ректорына табысталды.

— ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ, ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ. Бұл 21 қараша күні жарияланған Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында жан-жақты талқыланып, көрініс тапқан. Рухани жаңғыру, болашаққа бағдар бағдарламалық мақаланың жалғасы. Ұлтымыздың ұлы қасиеттерін дәріптеп, санаға сіңіруді көксейтін екі мақаланың да ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерек. Алдымен, өзіміз бұл дәреженің деңгейіне дендеп енуіміз енуіміз керек.  Елбасы айтқандай, Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті. Рухани азық, ұлт болашағымен астасып жатқан мақаланың болашақ үшін берері мол. Осы тұста, қоғам назарындағы мақала аясында айтылған пікірлерді тыңдайық.

— Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындарына ескерту. Аналогты хабар тарату жүйесі толығымен өшірілді. Оның орнына цифрлық телевизия келді.Цифрлық жүйенің ерекшелігі елді мекендерде бұған дейін 10-нан кем телеарна көрсеткен болса, енді 30-ға жуық арналар ұсынылатын болады. Ең бастысы сапалы.

— Үшінші мегаполисте мектеп директорлары атестациядан өтуде. Үш жылда бір рет тапсырылатын сынақ бұл жолы 10 күнге жалғасады.  Күні кеше басталған атестацияның өзіндік ережелері де бар. Яғни сынақтан сүрінгендер 6 айдан соң қайта тапсыра алады. Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы  жәнә  мәслихат депутаттарының  қазылығымен өткен  атестацияда сұрақтарды жауапсыз қалдырып сынға ұшырағаны да болды. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.

— Корей елінің ең үздік клиникаларының бірінде Түркістан облысының кішкентай тұрғынына тегін күрделі ота жасалды. Нақтырақ айтсақ, Төлеби ауданы Көксәйек ауылының жеті айлық бүлдіршіні анасыменПучхон қаласында орналасқан клиникада емделді.Науқастың барлық медициналық тексеруі мен отаның шығынын Кореялық клиника өз мойнына алған. Отандасымыздың қазіргі жағдайы қалай, алдағы бейнематериалдан көрейік.

—  Қараша айының 22 мен 26-сы күндері аралығында Түркістан облысында  «Стоп Трафик» жедел профилактикалық шарасы  өтті.  Шараға жалпы облыс көлеміндегі полицей қызметкерлер толықтай жұмылдырылған. Нәтижесінде теріс жолда жүрген қыздар анықталып, жеңгетайлық жасау бойынша 5 дәйек белгілі болып отыр. Сонымен қатар түнгі тексеріс барысында жасырын жұмыс жасайтын сауналар анықталып ондағы  жеңіл жүрісті қыздар құрықталды. Жедел тексеріс барысында адам саудасы мен айналысқан бір азаматша ұсталып қол хат алынды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН КИМЕШЕК — ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ СӘНІ

ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН КИМЕШЕК — ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ СӘНІ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Бүгінде Көне шаһарда Бес сусағынан өнер өрілген шеберлер мәдениғт пен өнерді дәріп қала мәдениетін одан әрі көркейтуде. Ұлттық қолөнерді жаңа...

ЖАҢА КОДЕКС ПЕН ТАРИФ САЯСАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАҢА КОДЕКС ПЕН ТАРИФ САЯСАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келген Энергетика, Қаржы, Сауда және интеграция, Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері қала кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесудің мақсаты мемлекеттің...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДӘРІПТЕУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДӘРІПТЕУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары аясында...

АССАМБЛЕЯ — БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ ІРГЕТАСЫ

АССАМБЛЕЯ — БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ ІРГЕТАСЫ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов жұмыс сапарымен Шымкентке келді. Әзілханов алдымен Достық үйінде ассамблея құрылымдарының басшыларымен және қаланың...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.