Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Жаңалықтар. 16 қараша, 2018 жыл
    Айғақ MEDIA

    Жаңалықтар. 16 қараша, 2018 жыл

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.11.2018245 Views

    — Қазақстан мен Өзбекстан өңіраралық ынтымастығы бірінші форумының алғашқы  пленарлық отырысы болып өтті.  ҚР премьер –министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин  төрағалық еткен алқалы жиынға, Өзбекстан Респуликасы премьер –министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов бастаған мәртебелі меймандар   қатысты.  Айтылған мәcеле, екі ел  арасындағы тауар айналымын  арттыру, Қазақстан мен Өзбекстанның  инвестициялық байланысын көтеру.

    — Рухани астанадағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде ұлт қайраткері Нұртас Оңдасынов жайлы түсірілген «Биліктен биік тұлға» атты деректі фильмнің тұсаукесері болып өтті. Аталмыш фильмнің мақсаты — халқы үшін қалтықсыз еңбек еткен ердің атын ұмытпай, өнегелі істерін өскелең ұрпаққа дәріптеп үлгі ету. Айта кетейік, деректі фильм Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбековтың идеясымен түсірілген.

    — Күні кеше Түркістан Облыстық клиникалық ауруханасында Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұхан Егізбаевтың ұйымдастыруымен практикалық теориялық  сабақ өтті. Өңір аралық  жиынның негізгі мақсаты инсульт алған ауыр науқастарға көрсетілетін алғашқы көмектермен, олардың аяғынан нық тұруына жасалатын емдік шаралардың барысымен танысу. Статистикалық мәліметке сүйенсек 55 жастан жоғары адамдар арасында әр бесінші әйел және әр алтыншы ер адам инсулт ауруына шалдығады екен. Тірі қалған поценттердің көбі өз ерікімен қызмет жасаудан қалады. Ал олардың алдын алу үшін өткен практикалық сабақтың берері мол.

    — Шымкент қаласындағы ҚИПХДУ-дың филиалы келер жылы Өзбекстан Республикасында ашылмақ. Бұл туралы көршілес елден келген делагациямен аталмыш білім ордасында өткен  басқосуда университет басшылығы мәлімдеді. Мақсат — екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, білім мен  ғылым саласын дамыту болып отыр.

    — 26 жасында миллионер атанған Қайрат Сапарбаевтың музыкалық туындылары жарық көрді. Бүгінде 53 жасты еңсерген белгілі кәсіпкер  шығармашығылыққа да бір табан жақын. Ақындық қасиетті бойына дарытқан, әрі жазушылықты жанына серік еткен азамат  бүгінге дейін 20 музыкалық әуенінің 10-ына бейнебаян да түсіріп үлгерген.

    — Елдің ертеңгі іргесі берік болуы үшін бүгінгі жастар сапалы білім алып, білікті мамандар қатарын толықтыруы қажет. Тап осы білікті маман дайындайтын жоғары оқу орындарының қатары көп бүгінде. Сол заманауи жоғары оқу ордаларының бірі де бірегейі – Медицина мамандарын даярлайтын Оңтүстік Қазақстан Медициналық академиясы.

    — Ұлттық валютамыз теңгеге – 25жыл!. Бұл төл теңгенің тарихы үшін айтарлықтай уақыт.  1993 жылдың 15-ші қараша күні ұлттық валюта қаржы нарығында айналымға енді. Сол жылдары Бәйдібек ауданының  бюджет көлемі 6 млн. 198 мың теңгені құраған. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 13 млрд. 360 млн тенгеден асып отыр.  Яғни 25 жыл ішінде ауданның бюджеті  көлемі 2000 есеге артқан. Салмағы мен бағамы бар  төл теңгенің  тарихында  Бәйдібек ауданының әлеуеті қалай артты?

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.