• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Желтоқсан 23, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Туған жерге тағзым!

21.11.2018
0

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар» қоры қандастарымызбен дөңгелек үстелде жиналды. Айтулы жиын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қасиетті Қазақстан: Туған жерге тағзым» тақырыбында өтті. Атажұртқа бүл күні арнайы келген делегаттар көкейдегі сұрақтарына жауап алды, ыстық ықыластарымен бөлісті.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы шетелдегі бауырларымызға барынша жағдай жасап келеді.  Тілім деп тебіренген,  дәстүрім деп дабыл қаққан қандастар ақтарыла сөз сөйледі. Осы күнге дейін 1 млн-ға жуық қандасымыз туған жерге оралған. Қазақстанда тұрып жатыр. Шет мемлекеттегі бүгінгі таңда қазақтардың саны 5 млн-ға жуық. Осы тұста «Туған жерге оралуды жоспарлаған азаматтар болса, қарсы алуды біз міндетті түрде ұйымдастырамыз» деді Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков.

Елбасының шетелдегі қазақтарды қолдау негізінде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы жанынан «Отандастар» қоры құрылған болатын. Бүгінде  Нұртай Әбіқаев бастаған аталмыш қор көшіп келген және шетелдегі қандас бауырларымызға қол ұшын созып келеді. Бүгінгі шараның өтуіне де елеулі үлес қосқан.

 Туған жердің қадірін алысқа сапар шеккенде білесің. Ал бүгінгі жиынға жиналғандардың ішінде туған жерге алғаш келгендер де болды. Иран елінен келген қандасымыз «Елде ұйым құру, қауымдастық құруға еш мүмкіндік жоқ. Біздің тілегіміз біреу ғана — жас тұяқтарымыз дәстүрді, салтты, тілді ұмытпаса дейміз» —  деді. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол». Өзектерін өксік өртеген қандастарымыз туған жердің қадіріне әбден жеткен. Еліміздегі кейбір азаматтардың менсінбей, керек етпей  жүрген  ана тілі олардың көздің қарашығындай қорғап, атадан балаға мирас етіп қалдырып келе жатқан бар асылы болып отыр. Тілім деп, дәстүрім деп шырылдаған қандастарымыз қазақша кітаптар мен баспасөз материалдарына зәру. Ғаламтордағы мәліметтерге қол жеткізе алмайтындар бар болып шықты. Күніне 2 сағат уақыт қана электр жарығы берілетін ауылдарда тұратын бауырларымыз да бар көрінеді. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар қорынан» осы мәселе төңірегінде демеу сұрады. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қандастарымызды жаңа құрылған, киелі облысқа көшіп келуге шақырды.

 Туған жердің топырағын басып, ауасын тыныстауға және қазақтың ғана емес бүкіл түркі жұртының киелі ордасына айналған Түркістанды көзбен көріп, зиярат етуді бұйыртқандары үшін ысытық ықыластарын айтты делегаттар. Ата-бабаның ізі жатқан мекенге келешекте балаларымен  келуді мақсат етіп отыр. Шетелдегі қазақтардың туған жерімен байланысын арттыруда «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ-ның  Шымкент қаласы және Түркістан облысының филиал жетекшісі Дулат Әбіш барынша атсалысып келеді. «Айтылмаған сөз жетім». Дөңгелек үстелде маңызды мәселелердің барлығы қозғалды. Жауаптар берілді және лауазымды тұлғалардың күнделігіне түртілді. Келешекте қаралмақ. Елбасының жастарды қолдау саясаты естен шығарылған жоқ. Жиі кездесу жоспарланды.

Айтолқын Молдабекова

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласы мәслихатының 30-шы сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер қаралды. Сессияда кәсіпкерлікті қолдау, салық саясатын жетілдіру,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.