Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов оңтүстіктен келген қоныс аударушыларға тұрғын үй мен жерді сатып алуға көмек көрсетуге уәде берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Біз қамтамасыз етуге дайынбыз, ауылдарда бізде арзан тұрғын үйлер бар, оларды сатып алуға көмектесеміз, біз әрбір отбасына 7 тонна көмір бөлеміз, қыста үйлерін жылытуға. Біз оларды Павлодар облысында болуға қолдан келгенше ынталандыратын боламыз», — деді Б.Бакауов сәрсенбіде Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Оның айтуынша, бүгіндері Павлодар облысында оңтүстіктен солтүстікке көшкен 377 адам өмір сүреді.
«Егер адам кәсіпкер болса, ол тез бейімделеді. Климаттық аймақ мүлде басқаша. Бірақ оңтүстікте жер алуға қиын. Біз жер учаскесін көшетін әрбір адамға беруге дайынбыз. Бізде олар жеткілікті. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін жеткілікті бағдарламалар бар», — деді облыс әкімі.