• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Шілде 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

20.11.2018
0

Түркістан қаласында «Киелі Түркістан және Түркі дүниесінің рухани жаңғыруы» атты ғылыми-теориялық конференция өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы маңызды жиынды Түркістан облысының әкімдігі мен Халықаралық Түркі Академиясы өткізді. Жиынға елімізден бөлек Әзірбайжан, Ресей, Түркия, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, АҚШ, Тәжікстан, Үндістан мемлекеттерінен туркологтар мен ғалымдар және дипломатиялық өкілдіктерден де қонақтар келді. Конференцияны Халықаралық Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі жүргізіп отырды. Жиында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласын Түркі әлемінің рухани және мәдени орталығына айналу бағытында жұмыстар басталғанын мәлімдеді.

«Таяу уақытта Түркістанда Түркі әлемінің орталығы бой көтереді. Мұнда бүкіл Түркі дүниесінің ойшылдары мен ағартушыларының, ғалымдарының еңбектері қойылып, ғылыми жетістіктері көрсетіледі. Елбасы ұсынған «Түркі әлемінің 100 есімі» жобасын Түркістанда жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар.  Облысымыздың тарихи орындарын «Түркі әлемінің киелі жерлері» тізіміне енгізу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен бірге, Түркістанда Түркі кеңесі жастарының құрылтайын өткізуге де дайынбыз.  Қазір жұмыр жер бетінде 200 миллионнан астам түркі тілдес бауырларымыз бар. Егер саяси, ғылыми және рухани бірлігіміз мығым болса, бұл үлкен күшке айналады. Жаһандану заманында біз бірге болып, қиындықтарға бірге төтеп беруіміз қажет. Бүгінгі туркологтардың басқосуы осы сенім үдесінен шығады деген ойдамын. Түркі әлемінің орталығы Түркістанымыз осындай игі бастамаларды қолдауға әрқашан дайын!», — деді Ж.Түймебаев.

Конференцияда Түркістан облысы әкімдігі мен Халықаралық Түркі Академиясы арасында ғылыми және іскерлік байланысты нығайту бағытында Меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, Халықаралық Түркі Академиясы мен Өзбекстан республикасы арасында да келісім жасалды. Алдағы уақытта Түркістан қаласында осы академияның ғылыми орталығы бой көтереді.

Түркістан төріндегі конференция «Түркі әлемінің қасиетті жерлері», «Түркі әлемінің атақты тұлғалары»  және  «Түркі тілдері мен жазуы»  деп аталатын 3 секциядан тұрды. Секцияларда Халил Акынджы (Түркия),  Виктор Бутанаев (Ресей), Мекемтас Мырзахметов (Қазақстан), Әбсаттар қажы Дербісәлі, Кюршад Зорлу (Түркия), Қаныбек Иманалиев (Қырғыз Республикасы), Рамиз Аскеров (Әзірбайжан), Өмірзақ Айтбаев (Қазақстан), Бахтиер Каримов (Өзбекстан), Рахмоил Сафаров (Тәжікстан), Александр Васильев (Ресей) және тағы басқа тарихшылар мен ғалымдар, профессорлар мен туркологтар білгендерін ортаға салды.

«Түркі әлемінің  киелі  жерлері» деп аталатын  секциясында Түркі дүниесінің  киелі жерлерін анықтау  жобасын әзірлеу,  оның критерилерін белгілеу, жобаны іске асыру  мерізімі мен  кезеңдері,  жүзеге асыру тәртібі және  өзге де мәселелер талқыланды.

«Түркі дүниесінің атақты тұлғалары»  секциясында тұлғаларды анықтау критерилері  мен осы жобаны жүзеге асырудың тетіктері сөз болса, «Түркі тілдері мен  жазуы» тақырыбындағы  үшінші  секцияда түркі тілі, түркі әдебиеті, түркі тілдес елдердің латын графикасына  көшуі туралы мәселелер көтерілді.

Конференцияға қатысушылар Түркістанның Түркі әлемінің рухани орталығына айналуға толық мүмкіндігі бар екеніне тоқталып, осы бағыттағы жұмыстарға үлес қосуға дайын екендерін жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТ АВИАЦИЯЛЫҚ БАЗАСЫНА — 75 ЖЫЛ

ШЫМКЕНТ АВИАЦИЯЛЫҚ БАЗАСЫНА — 75 ЖЫЛ

Айғақ медиа
13.07.2026
0

75 жыл бойы Қазақстанның оңтүстік аспанын күзетіп келе жатқан авиациялық база. Мыңдаған әскери ұшқыштың тағдырын тоғыстырған, ондаған жауынгерлік міндетті мінсіз...

ОНКОХИРУРГИЯНЫҢ ОЗЫҚ ӘДІСТЕРІ

ОНКОХИРУРГИЯНЫҢ ОЗЫҚ ӘДІСТЕРІ

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Шымкентке мәскеуден арнайы дәрігерлер келді. Олар онкологиялық «Асқазан-ішек жолы мен кіші жамбас ағзаларының заманауи аз инвазивті онкохирургиясы» тақырыбында халықаралық шеберлік...

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ МАРАПАТ ПЕН БАСПАНА

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ МАРАПАТ ПЕН БАСПАНА

Айғақ медиа
13.07.2026
0

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Шымкентте журналистердің еңбегі бағаланды. Ұзақ жылдар бойы ақпарат саласында абыроймен еңбек...

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ — РЕФОРМАНЫҢ ӨЗЕГІ

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ — РЕФОРМАНЫҢ ӨЗЕГІ

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Кәсіпкерлерді заң талаптарын сақтауға шақырады. Бұл жөнінде Шымкентте «Заң мен тәртіп – конституциялық реформаның басты мақсаты» атты дөңгелек үстел өтті....

АҚСҮМБЕ КӨШЕСІНІҢ ЖАЛҒАСЫ САЛЫНУДА

АҚСҮМБЕ КӨШЕСІНІҢ ЖАЛҒАСЫ САЛЫНУДА

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Шымкентте Таскен тұрғын алабынан Тұран шағынауданына дейінгі аралықты жалғайтын Ақсүмбе көшесінің жалғасы салынуда. Бұл – шаһардағы көлік қозғалысын жеңілдетіп, кептелісті...

ДОМБЫРА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 22 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ДОМБЫРА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 22 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Шымкентте Ұлттық домбыра күні қарсаңында №6 қалалық перзентханада 22 нәресте дүние есігін ашты. Айтулы мерекемен қатар келген қуанышқа орай Шымкент...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.