Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ТҮРКІСТАН: ӨҢІР ХАЛҚЫНЫҢ 98 ПАЙЫЗЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ БАР
    Бас ақпарат

    ТҮРКІСТАН: ӨҢІР ХАЛҚЫНЫҢ 98 ПАЙЫЗЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ БАР

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.11.2018371 Views
    Түркістан облысы бойынша 1 791 201  электронды денсаулық паспорты жасақталды. Бұл өңір халқының 98 пайызын құрайды. Сондай-ақ, облыстағы барлық медицина қызметкері ақпараттық жүйе бойынша оқытылып, 290 668 азамат мобильдік қосымшаны пайдаланған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді.
    Сонымен қатар, электрондық медициналық жазулар саны 1 701 891-ге жетіп, еңбекке жарамсыздық парағы электрондық нұсқада  52 563 адамға берілген. Аудандық, қалалық емханаларда 20 цифрлық көмек посттары ашылып, онда 408 201 адам оқытылды.
    Басқарма басшысының айтуынша, облыстағы медицина ұйымдарының жабдықталуы 65 пайыздан асқан.
    «Ағымдағы жылы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуына 8,1 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артып отыр. Бірінші кезекте ана мен бала, жансақтау, ота жасау, жедел жәрдем қызметін күшейтуге және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға басымдық беріліп отыр. Бұдан өзге, Түркістан қалалық емхананың және Түркістан қаласындағы 610 төсек орынға арналған облыстық көпсалалы аурухананың, сондай-ақ облыстық туберкулезге қарсы және онкологиялық орталықтардың құрылысын жүргізу, Түркістан қаласында облыстық жедел жәрдем стансысын жаңғырту және пайдалану жобалары жоспарлануда», — деді Мұқан Кеңесбекұлы.
    Оның мәлімдеуінше, 2018 жылы облыста 15 ауылдық емхана мен 5 дәрігерлік амбулатория 20 Бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК)  болып қайта құрылған. Сонымен қатар, Кентау, Сайрам, Сарыағаш аудандарында 3 инсульттік орталық ашылып, облыстық бюджет есебінен 3 дана компьютерлік томограф сатып алынды.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.