Азамат Батырқожа «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің сайтынан.
«Директорлар кеңесінің шешімімен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды», — делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, А.Батырқожа әр жылдары корпоративтік секторда, көлік және коммуникация министрлігінде, Ұлттық банкте, «қазақтелеком» ААҚ, «Самұрық-қазына» тұрақыт даму қорында жұмыс жасаған.
2017 жылдан осы уақытқа дейін «Синергия» ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС директоры болған.