• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қыркүйек 1, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 5 қараша, 2018 жыл

07.11.2018
0

«Кез келген мәселені мақұлдап, қолдай бергенді доғарайық. Жиналыстағы сөзіміз бен ісіміз үйлессін.» Бұл ойды Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «НұрОтан» партиясының кезекті XXXV конференциясында айтты. Фракция отырысында білім саласына қатысты ащы шындық ақтарылып, мазмұнды баяндама жасалды. «НұрОтан» партиясының xатшысы орындалмай қалған тапсырмаларды тізіп берді.

Сарығаш — шипалы өңір ретінде күллі Қазақстанға ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де кеңінен танылған аймақ. Тәуелсіздік алған тұста тұрмыс тураланса да, жердің шұрайлылығы мен судың шипалылығы жүзді төмен салдыртпады. Қазір де туризм нағыз капиталдың көзіне айналған! Ел қоржынын толтыратын бірден бір тетік те осы. Неге десеңіз ауданда орналасқан «Altyn bulak» гольф клубы, «Caspian food» ЖШС-нің жүзім шарабын өндіру зауыты мен курорттық шипажайлар туризмді дамытудың алтын көзі.

Түркістан облысының 2018-2020 жылдарға арналған бюджетінде тағы да өзгеріс. Биылғы жылы өңірлік қазынаның қаржысы 518 млрд теңгені құрады. Соның 5,2 млрд теңгесі шығындар мен мемлекеттік сатып алу конкурсынан үнемделген. Алдағы уақытта білім беру саласында 6 нысанның құрылысын жалғастыруға 600 млн бағытталып, келесі 600 млн медициналық тіректерді сатып алуға жұмсалмақ. Бұл туралы Түркістан облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы депутаттарға баяндап берді. Барлық салаға бағытталып жатқан теңге белгілі болған соң, туындаған сұрақтар көтерілді. Соның бірі спортқа қатысты. Ордабасы футбол командасы Шымкент қаласының қарамағына өтіп, Қыранның футбол құрамасы Түркістан облысының атын қорғамақ. Футбол командасының күшейтуге қаражат жетіспей тұрғаны белгілі болды. Халық қалаулылары спортты көтеруге қарсы емес, тек мүмкіндікті ескерейік десті. Келер жылы облыс орталығы Түркістан мықтап қолға алынып, көркеймек. Бірақ Түркістанға келетін туристер Отырар ауданындағы Арыстанбаб кесенесіне де аялдайды. Сондықтан қос тарапты қатар көркейту керек. Бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссияда депутаттар осыларға тоқталды. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралып, алдағы сессия отырысына жіберілді.

«Берекені көктен тілеме, бірлігі мол елден тіле» деген сөз бар дана халқымызда. Жылдағы жиын-терімнен бақыт бастауына жетелейтін молшылықтың белгісі саналатын берекелі мейрамды жұртшылықтың асыға күтетіні рас. Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне арналған биылғы «Алтын күз–2018» мерекесі жаңаша сипатта аталып өтті. Неге десеңіз, ауыл шаруашылығы саласында тынбай  еңбек еткен бірқатар үздіктер марапат төрінен көрінді. Осылайша, бұл күні төккен тер мен еткен еңбек ескерусіз қалмады.

 Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болар есісмдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Оның бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс деген болатын. Міне, сондай азаматтардың бірі мақатаралдың тумасы Омарбек Нұржанов. Саналы ғұмырын мемлекеттік басқару ісіне арнап, мақта шаруашылығының өркендеуіне үлес қосты. 70 жасқа толған ел ағасының еңбегін әйгілеген арнайы кітап жарық көрді. Қаумалаған дос-жаранның құрметіне бөленген Омарбек Нұржанов ОҚМПУ-да келелі кездесудің куәгері болды.

Биыл киелі Бәйдібек ауданының құрылғанына — 90 жыл. Айтулы датаға орай жыл басынан бері аудан көлемінде түрлі мәдени және спорттық іс шаралар ұйымдастырылса, мерейтойдың қорытынды кезеңі де кең көлемде аталып өтті. «Шаянға барсаң әншімін деме» атты  ән байқауымен  басталып бірқатар мерекелік бағдарламаларға ұласқан думанды шараға бұл күні көптеген елімізге белгілі эстрада жұлдыздары  қатысып аудан тұрғындарына  әсем әннен шашу шашты.  Сондай — ақ мереке барысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз» мерекесі ұйымдастырылса, Бәйдібектен шыққан бірқатар өнер иелері бұл күні ауданның  «Құрметті азаматы» атанды.

Жуырда Бакуде өткен халықаралық байқаудан Шымкенттік оқушылар олжамен оралды. Яғни «Әлемнің ұлы жас философтары» атты ғылыми жобада төрт бірдей оқушы бірінші орынды иеленді. Төртеуі де қаладағы №47 Төлеген Тәжібаев атындағы мектеп-гимназиясының шәкірттері.

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Дәстүр жолында» атты шығармашылық кездесу ұйымдастырылды. Қазақстан Жастар Одағы және халықаралық «Алаш» сыйлықтарының лауреаты, көрнекті ақын Қасымхан Бегманов пен Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, журналист Марат Тоқашбаев қатысты. Елбасы әр халыққа арнаған Жолдауында салт-дәстүрді сақтап, ұлттық кодты сақтауға басымдық береді. Міне, Мемлекет басшысының сындарлы саясатын қолдап, жас ұрпақтың санасына сіңдіру негізінде ұлт жанашырлары бүгінде ат салысуда. Ел боламын десең бесігіңді түзе. Осы қанатты сөзді ұстанған ел ағалары бүгінде еліміздің салтын, әдет-ғұрпын өсіп келе жатқан жастарға насихаттауда. Осының айғағы бүгінгі игі шара. Оңтүстіктің тумасы, алпысты алқымдаған көрнекті ақын Қасымхан Бегманов қазақ халқының кешегі мен бүгінгісін ұштастыра отырып, «Дәстүр» атты 4 томдық кітабын жарыққа шығарған. Шарада салтымызды жаңғыртуда еңбек етіп жүрген ақиық ақынның өмір дерегі мен еңбектері аясында пікірлер айтылып, жастар арасында байырғы әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер насихатталды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КОНСТИТУЦИЯ — ЕЛІМІЗДІҢ ТІРЕГІ

КОНСТИТУЦИЯ — ЕЛІМІЗДІҢ ТІРЕГІ

Айғақ медиа
28.08.2025
0

 Құқық қорғау қызметкерлері дөңгелек үстелде бас қосты. Конституцияның 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Ата заң – тәуелсіздік тірегі» атты тақырыпта өткен...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖОЛ АШҚАН МЕКТЕП

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖОЛ АШҚАН МЕКТЕП

Айғақ медиа
25.08.2025
0

      Seitzhan School – сапалы білім берумен қатар, оқушының жан-жақты дамуына басымдық беретін заманауи мектеп. Бүгінде 1000 орындық...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫ — ЖАҢА МІНДЕТТЕР

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫ — ЖАҢА МІНДЕТТЕР

Айғақ медиа
25.08.2025
0

      Үшінші мегаполисте ұстаздардың дәстүрлі қалалық Тамыз конференциясы өтті. Биылғы басқосу «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында...

ШЫМКЕНТТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН САЙТТАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫН ТАРАТҚАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

САРБАЗ – ЕЛДІҢ АЙБЫНЫ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Шымкент қаласының Жастар сарайында гарнизонның үздік сарбаздарын ұлықтауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері...

ПОЛИЦИЯ БАҒАНАСЫ

ПОЛИЦИЯ БАҒАНАСЫ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Интернеттегі есірткі жарнамасына тосқауыл: Шымкентте 1 200-ден астам ресурс бұғатталды Есірткі қылмысының тамыр жаюына тек оны тікелей сататындар ғана емес,...

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Жаз – демалыс пен серуеннің ғана емес, су айдындарындағы қауіптің де белең алатын уақыты. Әсіресе балалардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғалар...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.