• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қазан 28, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Ж.Түймебаев: Түркістан Еуразиядағы заман талабына сай шаһарлардың біріне айналады

31.10.2018
0

Түркістан Еуразиядағы заман талабына сай шаһарлардың біріне айналады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында өткен көшпелі баспасөз конференциясында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді.

Айта кетейік, аталмыш баспасөз конференцияға аймақтық БАҚ өкілдері ғана емес алыс-жақын шет елдерден келген қонақтар да қатысуда.

Бүгінде рухани ордада 700 гектарға жуық аумақта әкімшілік-іскерлік орталығының құрылысын жүргізу үшін жобалау және зерттеу жұмыстары басталып кетті. Үш бағытта дамыту жоспарына сәйкес, Түркістан қаласының аумағы 25 мың гектарға жеткізіледі.

Халқының саны 2050 жылы 500 мыңға жетеді деген болжаммен осы халықты жұмыспен қамту мақсатында 1380 гектар аумақта орналасқан экономикалық аймақта өндіріс орындарын ашу көзделіп отыр.Жуырда Елбасының Түркістан облысына жасаған ресми сапар барысында естеріңізде болса, еліміздегі ірі компанияларға 16 нысан салып беруді жүктеген болатын. Одан бөлек өзге облыстармен Республикалық маңызы бар қала әкімдіктері де бір-бір нысанның құрылысын жүргізеді. Міне осы, жоспарлар жүзеге асатын болса, Түркістан қаласы жаңа кейіпке енері сөзсіз.

Облыс әкімі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша Түркістан облысында атқарылып жатқан шараларға да тоқталды.

Аймақ басшысының айтуынша, облыстағы кәсіпорын басшылары Елбасының Жолдауындағы ең төменгі жалақыны көтеру мәселесін қолдайтынын білдіріп, өз ұсыныстарын жеткізген. Әкімдік тарапынан облыс аумағындағы 9798 кәсіпорында жұмысшылардың ең төменгі жалақы мөлшерін  көтеру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бүгінгі таңда 88 кәсіпорында жалақыны 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтеру келісіліп отыр.

Түркістан облысының негізгі табысты салаларының бірі ауыл шаруашылығы екені белгілі. Елбасының ауылшаруашылығын экономикалық дамудың жаңа драйверіне айналдыру жөніндегі тапсырмасын орындау нәтижесінде Түркістан облысында биыл өнім көлемінің өсімі 374 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде, мал шаруашылығы 188 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 5 пайызға артты. Өсімдік шаруашылығы 184,4 млрд. теңге немесе 102,8 пайызды құрады.

Ағымдағы жылдың 9 айында ет өндірісі, 6,7 пайызға артып, 154,7 мың тоннаны құраған. Шетелге 4600 тонна ет экспортталып, бұл көрсеткіш жөнінен түркістандықтар алғашқы орынға шықты. Сүт өндірісі 3,2 пайызға артып, 555,6 мың тоннаны, жұмыртқа 9,2 пайызға артып, 146,7 млн. дананы құрады.

Түркістандықтар өндірген ауыл шаруашылығы өнімнің үлесі республиа бойынша 14,1 пайызды құраған.

Салтанат Тойболова.

 

Бөлісу71TweetPin

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫ АРТЫП, ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ ЕНГІЗІЛУДЕ

Айғақ медиа
28.10.2026
0

Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту бағытында жүйелі жұмыстар...

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМАЛЫС ПЕН ОҚИҒАЛЫҚ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ

Айғақ медиа
28.10.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің туристік әлеуетін тиімді пайдалану, өңірлердің тартымдылығын арттыру және ішкі туризмді дамыту мәселелеріне айрықша мән беріп...

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТӨЛЕНЕДІ

Айғақ медиа
28.10.2026
0

Мемлекет басшысы жүктеген әлеуметтік міндеттер аясында балаларды қолдау шаралары жалғасуда. Шымкент қаласында 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және ата-анасының...

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

ЖАҢА ӨНДІРІС, ЖАСЫЛ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК

Айғақ медиа
28.10.2026
0

Мемлекет басшысының инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі тапсырмалары аясында қала шетелдік компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуде Қазақстанның жаһандық инвестициялық дөңгелек үстелі (KGIR-2026) аясында...

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

САЯБАҚТАР СПОРТТЫҚ БӘСЕКЕГЕ ТҮСЕДІ

Айғақ медиа
28.10.2026
0

Шымкентте тұрғындарды бұқаралық спортқа тартуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «SHYMKENT PARK LEAGUE» жаңа жобасы іске қосылады. Бастама қала...

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

Айғақ медиа
28.10.2026
0

  IX Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында $4,8 млрд болатын 22 құжатқа қол қойылып, мегаполистің өндірістік, көлік-логистикалық және кәсіпкерлік әлеуеті...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.