Тараз төріндегі қайта жаңғыртылған Қайрат Рысқұлбеков саябағында демалуға келген қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық дәстүрмен қызмет көрсететін , ақсақалдар кеңестерін өткізетін орталық бой көтерді. Бұл «Ғибрат» орталығы деп аталады.
ФОТО: Ғибрат орталығының ішкі көрінісінен
Айта кетейік, саябақта:
- Балалар ойын алаңшасы — 391 шаршы метр;
- Ролик тебетін алаңша — 5341 шаршы метр;
- Сауда дүңгіршектері — 120 шаршы метр;
- Шахмат алаңшасы — 162 шаршы метр;
- Баскетбол алаңшасы — 540 шаршы метр;
- Футбол алаңшасы — 540 шаршы метр;
- Беседкалар — 4 дана.
Жалпы саябақта 197 жарық шамдары, 4 фонтан, 4 беседка, 69 орындықтар мен қоқыс жәшіктері және 21 мың шаршы метр брусчатка, 9 мың шаршы метр асфальттық жол жамылғысы, ұзындығы 633 метрді құрайтын веложол салынды.
Сонымен қатар, 120 дана көк шырша, 800 дана туя ағаштары егілді. 45 мың шаршы метр аумақ көгалдандырылып, замауи суару жүйесі орнатылған.
«Айғақ-ақпарат».