Тараз қаласы күніне орай ашылған Жамбыл Жабаев ескерткішінен кейін, оның маңындағы «Достық» алаңында әсем, сазды субұрқақтар ашылды.
Субұрқақ жобасы «Жасыл Ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тапсырысымен, «Atameken-Energy» ЖШС жүзеге асырған. Төрт қатардан тұратын екі субұрқақтың әрқайсысында үш түтік бар. Егер субұрқақ қарқынын жоғарылатса, биікке көтерілген су әуеде түйісіп, халқымыздың ауызбіршілігін айғақтайды. Осы арқылы жоба жасаушылар ұлттық құндылығымызды көрсетуге тырысқан. Бұл субұрқақтардың ерекшелігі, әуенмен су әуелете су шашады. Ол үшін арнайы электронды бағдарлма орнатылған. Сондай-ақ, субұрқақ пен оның әуендерін басқарып отыру үшін арнайы операторлық бөлме де салынған.
Айта кету керек, бұл күні аталмыш серіктестіктің мұрындық болуымен «Достық» алаңындағы тағы алты субұрқақ пайдалануға берілген. Қайта жаңғырған субұрқақтар тараздықтарға қала күнінде тамаша тарту болды.
«Айғақ-ақпарат».