Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Түркияда Түркістанның туристік әлеуеті таныстырылды
    Бас ақпарат

    Түркияда Түркістанның туристік әлеуеті таныстырылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.10.2018328 Views

    Түркияның Анталья қаласында «XIII Жібек жолы елдері қалаларының мэрлері» атты халықаралық форумы өтті. Жібек жолының бойында орналасқан мемлекеттердің туризм саласын дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға әлемнің дамыған 30 елінен 200-ге жуық өкіл қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    Төрт күнге созылған жиында қатысушылар туризм саласының жаһандануын, экономикалық әріптестік пен мәдени тәжірибе алмасуды нығайту мәселелерін кеңінен талқылады. Халықаралық шараға Қазақстанның атынан Түркістан облысының делегациясы қатысты. Жұмысшы топты бастап барған тарихшы, ғалым Саттар Мәжитов бұл форум мемлекеттер арасындағы іскерлік байланысты орнатуда таптырмас алаң екенін айта келе, жиында көтерілген мәселелерді қолдайтынын жеткізді. Өз кезегінде Анталья қаласының мэрі Мендерес Турель, көне қаланың туристік әлеуетіне қызығушылық танытып, форумға қатысқан Түркістан облысының өкілдеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ, тарихи — мәдени мұраларға бай өңірді дамытуға Қазақстан ғана емес, күллі түркі әлемі ниетті екенін де жеткізді. Яғни, форумға қатысушылар өңірдің туристік әлеуетін жоғары бағалап, алдағы уақытта іскерлік қарым-қатынас орнатуға дайын екенін білдірді. Айта кетейік, Түркістан қаласына келетін шетелдік қонақтардың саны уақыт өткен сайын артып келеді. Мәселен, өткен жылы 1 млн. 160 мың турист шаһарға табан тіреген болса, биыл 8 айдың өзінде 900 мыңға тарта қонақ жеткен.

    Дереккөз: ҚазАқпарат.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    КӘСІБИ ДОДАДА ДАРАЛАНҒАН ҰСТАЗ

    18.11.2026

    ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

    06.11.2026

    БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    06.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.