• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Шілде 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 22 қазан, 2018 жыл.

23.10.2018
0

—  Сарыағашта Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Мемлекеттер басшылары бейресми кездесу барысында елдер арасындағы, соның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар, басқосуда Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Өзбекстан Республикасының ТМД және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі аспектілер жөнінде пікір алмасты.

— 26 қазан күні Шардара су қоймасы маңында «Safari Shardara» фестивалі өткізілмек. Мәдени-спорттық шараларға толы фестиваль Түркістан облысының туристтік әлеуетін дамыту мақсатында ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, Қызылқұм өңірін, Сырдария өзені мен Шардара көлін қазақстандықтар мен шетелдіктерге таныстыру көзделіп отыр. Фестиваль барысында автокөліктер, мотобайкерлер мен түйе жарысы секілді қызықты шаралар өткізіледі деп жоспарлануда.

— Қазығұрт ауданының тұрғыны Бибігүл Құралбаева арнамыздан көмек сұрайды. Үшінші топтағы мүгедек жан «Заң шеңберінде көрсетілетін жеңілдіктерден қағылып отырмын»,-дейді. Әкімдіктің есігін талай қағып, базынасын жеткізген әйелдің әзірге, жан айқайын таңдайтын жан болмай отыр.

— Анестезиология хирургиялық операция кезінде қолданылатыны белгілі. Тарихқа үңілсек, 1846 жылдың 16-шы қазанында тіс дәрігері Томос Мортон эфир наркозымен операция өткізеді. Содан бері бұл күн дүниежүзілік анестезиологтар күні. Негізі айтулы мамандық — қиын әрі жауапкершілікке толы. Бір сөзбен айтқанда, науқастың ота үстінде аман қалуы және аса қауіпті дертпен жан сақтауға түскенде дәрігер анестезиолог-реаниматологтардың үлесі зор. Мәселен, облыстық ауруханада 16 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Дәулет Сағатұлы талай отаға куә болған. «Халыққа қызмет етуге мүмкіндік беретін мамандықтың қыры мен сыры көп. Науқасқа қатысты қандайда бір шешім қабылдау үшін жеті рет өлшеп бір рет кесу қажет. Кейде уақыттың тапшылығын тәжірибемен ғана жеңуге тура келеді» — деп ақтарылды.

— Елбасының Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күні болып жарияланғаны белгілі. Осы тұста қазақстанның кәсіби және өзге мерекелер тізімі жаңа  – Еңбек күнімен  толықты. Бұл мерекенің басты мақсаты жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру шеңберіндегі өндіруші еңбекшілерді ынталандырып, жұмысшы әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту.  Сондай-ақ Еңбек күні мерекесі өз ісінің нағыз маманы болған, отбасылық кәсіпке айналдырған еңбек майталмандарын ұлықтау, кейінгі ұрпаққа насихаттау болып табылады. Сондықтан жыл сайын Елбасы Жарлығына сәйкес айтулы мерекені атап өту қолға алынды.  Осы тұста Арыс қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Еңбек күні» мерекесіне арналған жиын өтті.

— Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрінің орынбасары құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықады. Юрий Ильин Шымкент қаласында өткен мерекелік шарадан кейін өрт сөндіру мекемелерінің  техникалық –базасымен танысты. Заман талабына сай 2 жыл сайын жаңартылып тұратын техникаларға 2017 жылы 422 млн теңге қаржы жұмсалған. 2018 жылы техникаларды жаңартуға бюджеттен 355 млн теңге бөлініпті.  Ал жарамды деп есепке алынған  техникалар алдағы күндері облыстың  аудандарына  жолданбақ. Сондай-ақ, өрт сөндіру техникаларының бірқатарын Түркістан қаласына  жөнелту жоспарда бар. Өрт сөндіру құрал жабдықтарымен танысқан Юрий Ильин Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар Департаментінің кәсіби даярлық мектебіне барды. Оқу орны жылына 300-ден астам құтқарушы мамандар даярлайды.

— «Жастарды «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тәрбиелеуде аналардың маңызы». Осы тақырып негізінде апта соңында ҚР Өзбек Этномәдени бірлестігі «Дустлик» қауымдастығының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Мақсат, отбасындағы аналардың рөлін жастарға ұғындыру. Ассамблея ғимаратында өткен бас қосуға бірқатар жас аналар мен халық қалаулылары қатысып, өз ой -пікірлерін ортаға салды.

— «Нұр Отан» партиясының Әл-Фараби аудандық филиалына жаңа төраға сайланды. Енді партия филиалына Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұловтың өзі жетекшілік етеді. Аталған шешімді кезекті 35-ші конференцияда саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен бастауыш партия ұйымының өкілдері бір ауыздан мақұлдады.  Ал бұған дейін партия филиалын басқарған Саттар Қуашбаевқа «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы атынан алғыс білдірілді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.