Бақытжан Сағынтаев облыстардың әкімдеріне жеке инвестицияларды тарту жұмысын күшейтуді тапсырды

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында инвестицияларды тарту мәселесін қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту және ел экономикасына тартылатын шетелдік инвестициялардың көлемін ұлғайту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша инвестициялар тартудың барлық түйінді көрсеткіштері өсті. Жаңа кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындары құрылуда. Инвесторларға барлық деңгейлерде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде. Инвестициялар тартудың жаңа тәсілдері енгізіліп жатыр. Дегенмен, Премьер-Министр қосымша жұмыстардың орындалуын талап ететін бірқатар аспектіге назар аударды.

Бірінші. Инвесторлармен жұмыс істеу үшін әкімдердің арнайы орынбасарлары тағайындалды, әр өңірде Kazakh Invest өкілдері мен инвесторларға қызмет көрсету орталықтары бар, өңірлік инвестициялық штабтар құрылды. Осылайша, өңірлерде инвесторларды тарту үшін тиімді жұмыс істеуге барлық жағдайлар жасалған. Облыстардың әкімдеріне барлық штабтың жұмысын үйлестіру және өзара іс-қимылды күшейту тапсырылды.

Инвестициялар және даму министрлігінің деректеріне сәйкес, 2005–2017 жылдар аралығында елімізге $264 тікелей шетелдік инвестициялар тартылған. Алайда, инвестициялардың көлемі жеке қаражаттарды тарту жұмыстарын көрсетпейді. Жалпы, Шымкентте инвестициялар 275%-ға өскен, ал жеке қаржы үлесі тек 65%-ды құрайды. Осындай жағдай Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Астана қаласында белгіленген. Осыған орай Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев әкімдердің назарын жеке инвестициялар тарту көлемін арттыру қажеттігіне аударды. Осы мақсатта жеке кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге қолайлы жағдайлар жасау тапсырылды.

Бұдан өзге, шет елдердегі өкілдіктерде де бұл жұмыс күшейтіліп, нақты үйлестірілуі тиіс. Елшіліктердің негізгі жұмысы — инвестициялар тарту мәселелері. Қандай елден, қай елшіліктің көмегімен қанша инвестициялар тартылғанын анықтау мақсатында, барлық елшіліктер жұмысындағы тартылған инвестицияларға және олардың жұмысының KPI-на талдау жүргізу тапсырылды.

Екінші. Өңірлерде өткізіліп жатқан инвестициялық форумдар: әрбір өңірлік форум қорытындысына сәйкес бірқатар жобалар бойынша көптеген меморандумдар мен келісімдерге қол қойылады. Бақытжан Сағынтаев қол қойылған меморандумдар бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру сапасын арттырып, талдау жүргізуді тапсырды. Кәсіпорындардың табысты жұмыс істеуі ел экономикасын өсіруге қосымша ықпал етеді.

Үшінші. Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік инвесторлар елімізге отбасы мүшелерімен бірге келеді. Соған орай, оларды тіркеу, балаларды мектепке дейінгі мекемелермен, мектептермен қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсету және басқа да сервистік қызмет көрсетуге қатысты мәселелер жиі туындайды. Осыған байланысты барлық инвесторларға қызмет көрсетуді бір порталда орталықтандырудың маңыздылығы атап өтілді.

primeminister.kz

Ұқсас жазбалар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...