Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Президенттер елдеріміз арасындағы қарым-қатынастардың дәйекті дамуы жөнінде әңгімелесіп, Қазақстандағы биылғы Өзбекстан жылы аясында көп жақты ықпалдастықты тереңдету үшін атқарылатын іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.