Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Шымкент қаласының Бас санитарлық дәрігері тұмауға қарсы екпені бірінші болып қабылдады
    Денсаулық

    Шымкент қаласының Бас санитарлық дәрігері тұмауға қарсы екпені бірінші болып қабылдады

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.09.2018413 Views

    Шымкент қаласының №8 емханасы жұқпалы тұмау ауруының алдын алу үшін тұмау ауруына қарсы екпе егу дайындық іс-шарасын Шымкент қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен бірлесіп өткізді.

    Шымкент қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Жұмағұл Медетовтың айтуынша:

    — Биыл бізді тұмаудың жаңа түрлерінің пайда болуы алаңдатады,әсіресе Мичиган, Колорадо сынды түрлері,өйткені жаңадан шығып жатқан тұмауларға қарсы адамдардың иммунитеті қалыптаспаған. Сондықтан, тұмаудың жаңа түрлерін алдын-алу және оны болдырмау мақсатында аталған іс-шараны өткізіліп жатыр.

    Іс-шараға қатысқан дәрігерлер 1 қазаннан бастап Түркістан облыстық медициналық мекемелер  вакцинациялау науқанына дайындық жүргізілуетіндігін айтты. Жұқпалы тұмау ауруының асқынуы қаңтар мен ақпан айларында байқалады. Оның алдын алу мақсатында екпе егу науқаны қазірден бастап қараша айына дейін жалғасады.

    Тұмауды жұқтырған уақыттан бастап  алғашқы белгілерінің пайда болу мерзімі бірнеше сағаттан немесе бірнеше күннің аралығанда байқалады.

    Негізгі көріністері- жалпы әлсіздік, қатты бас ауру, көз алмасын қимылдатқан уақытта ауру сезімі, қалтырау, ауру ағымына дейін дене қызыуының 35-36 С градусқа көтерілуі, бұлшықет пен буындардың ауру сезімі, көздің жасаурауы, мұрынның бітуі, тамақтың қышуы, тершендік, құрғақ жөтел. Тұмаудың белгілері пайда болғаннан бастап, дереу дәрігерге көріну керек. Үй жағдайында ем қабылдау қауіпті.

    Тұмаудың салдарынан вирусты және бактериалды отит, гайморит, менингит, энцефалит,сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан да ең алғашқы көрінісі байқалған жағдайда ем қабылдаған дұрыс. Ал мамандар,  жұқпалы тұмау ауруының алдын алу үшін вакцина қабылдауға кеңес береді.

    Денсаулық сақтау мекемелерінде тұмауға бейім науқастардың тізімдері бар, олар бюджеттің есебінен вакцинаны    қабылдайды. Вакцинаны тегін қабылдайтын адамдардың тізімі бекітілген.

    Олар: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда арнайы бақылауды қажет ететін балалар, алты айдан асқан көп ауыратын балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары,  жүрек-қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсетілімдері бойынша және бірінші желтоқсанға дейін жүктіліктің екі-үш жағдайындағы әйелдер де қабылдай алады.

    Тізімге кірмеген адамдар вакцинаны ақылы түрде қабылдайды.

    Айта кетейік, шара аясында Шымкент қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Жұмағұл Медетов алғашқы болып өзі тұмауға қарсы екпені қабылдады.

    Анықтама:

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша 2018-2019 жылдарғы эпидемиологиялық маусымға жаңа вакцина жеткізілді. Бұл ресейлік «Гриппол+» вакцинасы. Оның құрамында тымаудың үш типі бар. Атап айтқанда, үш штамм арасында А (H1N1) — Мичиган, А (H3N2) — Сингапур, В — Колорадо вирустары қамтылған.

    «Айғақ ақпарат»

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.