Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мегаполис әуежайында жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жоспарлануда
    Жаңалықтар

    Мегаполис әуежайында жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жоспарлануда

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.09.2018258 Views

     «СКАТ» әуе компаниясы мен Шымкент қаласының әкімі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мұндағы мақсат «Шымкент қаласы әуежайында жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» жобасын жүзеге асыру. Осы орайда бүгін қос тарап өзара келісімге келіп, мегаполистің жаңа келбетін көркейтуге кірісті.

    0023TZ.Still001

    0023TZ.Still003

    Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалар қатарына қосылғалы отандық және шетелдік туристердің келуі жиіледі. Осы орайда, әуежай жолаушыларды өткізу қабілетін арттыру үшін терминал салу қажеттілігі туындауда. Сондықтан да «СКАТ» әуекомпаниясы жеке инвестор ретінде жаңа терминалды өз есебінен салуға қызығушылығын танытып отыр. Инвестиция көлемі 50 млн АҚШ долларын құрайды. Ал, қала әкімдігі тарапынан да бұл жоба барысында жол құрылысын және инженерлік желілерді қайта құру, әуежай алдындағы автотұрақты және вокзал алды алаңының құрылысын  жүргізу жоспарлануда. Жиын барысында бұл туралы мегаполис әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өз сөзінде тілге тиек етті.

    0023TZ.Still006

    «СКАТ» өз қаржысы есебінен көлемі 2,8 га жер теліміне жаңа терминал құрылысын жүргізеді, сондай-ақ 7 га жерге әуе кемелеріне арналған  перронды кеңейту жұмыстарын қолға алмақ.

    0023TZ.Still005

    Сондай-ақ, жиын соңында қала әкімі бұл жобаны жеделдетіп бастауға бел шешті. Себебі, 2020 жылы өздеріңізге белгілі, Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы болады. Осы орайда, қаламызға келуші туристердің де қатары көбейеді деген сөз. Сондықтан да шаһарымыздың әуежайы барлық заманауи талаптарға сай және тұтынушы азаматтарға ыңғайлы болуы қажет. Бұл тұрғыда қос тарап бекіткен меморандумның маңызы зор болмақ.

    Жансая ЕЛЕМЕСОВА

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.