Елімізде 3 млн тонна көмір мен 78 мың тонна мазут қоры бар. Басты мақсат халықты отынмен түгел қамту.
Бұл үшін тұрғындарға арналған 5,45 млн тонна көмір жеткізілді.
Өткен жылы компаниялар шамамен 107 млн тонна көмір өндірген.
Десе де, жылыту маусымында тұрғындарға уақытылы жеткізілмеді.
Биыл мамандар олқылықтың орнын толтыруға ниетті. Әзірге 60 млн тонна көмір өндіріліп үлгерген.
Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2,3 млн тоннаға артық.
Тағы 15,5 млн тонна көмір экспортқа шығарылды. Жылыту маусымына қарсы орталықтандырылған жылу нысандарындағы 500 қазандық жөнделуі тиіс. Бүгінде жоспардың 90 пайызы орындалды.
24.kz