Бүгін қала әкімі Ғ. Әбдірахымов таза былғарыдан аяқ киім тігетін «Lux Shoes» ЖШС фабрикасының салтанатты ашылуына қатысты.
Жоспар бойынша жылына 120 мыңнан астам жұп аяқ киім шығаруды көздеп отырған бірегей фабрика заман талабына сай итальяндық технология бойынша тігеді. Жобаның құрылуына жұмсалған инвестиция көлемі 403 млн. теңге. Бүгінгі таңда фабрика 60 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Фабриканың жұмысымен танысқан мегаполис мэрі сәнді топтамалар арасынан өзіне ұнаған аяқ киімді 12000 теңгеге сатып алды.