Индонезияның Джаккарта қаласында өткен 18-ші жазғы Азия чемпионатында Қазақстан 9-шы орынға тұрақтады. Еліміздің еншісінде 44-қола, 17 күміс, 15 алтын бар. Жүлделі орындарды қанжылаған өңіріміздің спортшылары да аз емес. Солардың бірі -Дидар Әмірәлі. Боз кілемде намысын жықпай, Азияның алтын медалін елге жеткізді.
Түркістан облысынан таңдаулы деп талай мықты таласқа түсетін Азияның алаңына жіберілген өңір спортшысы сенімді ақтады. 15-алтынның бірі Дидар Әмірәлінің еншісінде. Оның жеңісі еліміз үшін үлкен жетістік. Себебі бұған дейін дәл осы спорт түрінен Қазақстан ның қанжығасында бір ғана алтын болған. Ұзақ жылдардың үмітіндегі медальді жерлесіміз өңірге жеткізді.
Түркістан қаласының спорт мектебінен Азия ойындарына жолданған спортшылардың жетістігі көңіл қуантады. Бапкерлердің бабына келген азаматты аламанға жіберуі жемісін берді. Чемпионға лайықты марапат та әзір. Елдің намысын жықпай, байрағын көкте желбіретіп, әнұранын шырқатқан балуанға мемлекет тарапынан 10 мың АҚШ доллары беріледі.
76 медальді еншілеген еліміз Азияның жалпы 18 ойындарын қоса есептегенде 5-орынға тұрақтапты. Алайда биылғы чемпионаттың көрсеткішімен ондықтың тоғызында тұрмыз. Нәтижедсіне Дидар Әмірәлінің үлесі бар. Азияда сенімді ақтаған спортшы енді әлем чемпиоанатында елдің намысын қорғайтын болады.