• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 15, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОТЫРАРДА «АТА ЗАҢЫМ-АЙБАРЫМ» ШАРАСЫ ӨТТІ

29.08.2018
0

Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы-Конституция. Еліміз 1995 жылы өзінің талғам–талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.
Биыл Қазақстан  Республикасының   Конституциясына   23 жыл  толып  отыр. Осыған орай бүгін Отырар ауданында «Ата Заңым-айбарым» атты мерекелік жиыны өтті. Мемлекетіміздің негізгі іргетасы саналатын Ата Заңымыздың мерейтойына арналған жиынға келген көпшлік алдымен мәдениет сарайының фойесіндегі кітап көрмесін тамашалады.
Мұнан соң ұлт  аспаптар  оркестрі Б.Исаның «Мұрагер» шығармасын орындап сахна шымылдығын түрді. Салтанатты жиынның ашылуында мемлекеттік Әнұран шырқалып, мемлекетіміздің рәміздеріне құрмет көрсетілді.
Мерекелік жиында Отырар аудандық  Әділет   басқармасының  Заң  қызметтерін  Үйлестіру  кеңесінің  төрағасы  әділет  басқармасының  басшысы  Ержан Исмайылов Ата Заңымыздың мемлекет пен қоғамның дамуындағы және әрбір қазақстандықтың өміріндегі рөлі туралы баяндама жасады.
Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Ерлан Айтаханов аудан халқын мерекемен құттықтап, еліміздің экономикалық-әлеуметтік-саяси дамуын жеделдеткен конституцияның құндылықтарына тоқталды.
— Әлемдік өркениеттің алдыңғы сапынан орын алуға бет түзеген ел тарихында жаңа кезең, нұрлы жолға бет бұрған, жаңа жетістіктерге толы кезең басталды. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаз да жарқын, сара да сындарлы саясатының нәтижесінде елімізде шын мәнінде құқықтық демократияға кең жол ашылды. Еліміздің әрбір азаматына еркіндік пен таңдау құқығын қамтамасыз етіп отырған Ата Заңымыз өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Халық пен биліктің қарым-қатынасын реттеп, біздің өміріміз бен тұрмысымызды айқындап берді. Ендігі міндет – жарқын болашағымыздың алтын арқауы болған Ата Заңымыздың арқасында қол жеткізген жетістіктерімізді сақтай отыра, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосу керек, — деді аудан басшысы өзінің құттықтау сөзінде.
Ел тарихындағы маңызды және қастерлі мерекеде ауданның  қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, жаңа қазақстандық қоғам құру ісіне қосқан жеке еңбек және шығармашылық үлестері үшін әрі Ата Заңымыздың 23 жылдығына орай бір топ мұғалімдер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер аудан әкімінің  алғыс хатымен марапатталды.
Салатанатты шара одан әрі мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасып, ауданның өнерлі жастары патриоттық әндерді әуелете шырқады.

Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу14TweetPin

Ұқсас жазбалар

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы игі істер жалғасуда. Кезекті 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Ақжайық шағынауданында бой көтерген...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Үшінші мегаполисте баспана бақытына бөленгендердің қатары тағы артты. Салтанатты жиында 19 жастағы қала тұрғыны жаңа пәтерге ие болды. Қала әкімінің...

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
08.06.2026
0

Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық экологиялық акция ұйымдастырылды. Ал тазалық жұмыстары аптасына екі рет тұрақты түрде өткізіліп келеді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.