Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жаңартылған білім мазмұнына көшетін 3,6 және 8 сыныптарға арналған 12 млн. астам оқулық сатып алынды
    Жаңалықтар

    Жаңартылған білім мазмұнына көшетін 3,6 және 8 сыныптарға арналған 12 млн. астам оқулық сатып алынды

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.08.2018260 Views

    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне басты назар аударып, күнделікті мониторинг жүргізуде.

    Жалпы республика бойынша 2018-2019 оқу жылына жаңартылған білім мазмұнына көшетін 3,6 және 8 сыныптарға арналған 12 млн. астам оқулық сатып алынды. Аталған сыныптардағы оуқшылар саны – 906 мың.

    Баспалар оқулықтардың сапалы түрде басылып шығарылуын, олардың форматына және салмағына қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етті. Биылғы оқулықтардың өткен   жылдардағы оқулықтардан айырмашылығы – олардың электрондық нұсқасына қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін QR-код орналастырылуы.

    Республика бойынша орташа есеппен баспалардан өңірлерге оқулықтардың 98,2% жөнелтілді, 92,5% білім беру нысандарына жеткізілді.          

    Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы оқулықтарды 100% өңірлерге жөнелтті.

    Сонымен қатар, бірқатар өңірлерде тасымалдаушылардың өз міндеттерін дұрыс орындамауына байланысты оқулықтардың уақтылы жеткізілмеу қатері туындап отыр. Осы себептерден Ақмола облысының 6 ауданы, Қостанай облысының 3 ауданы, Шығыс Қазақстан облысының 2 ауданы, Қызылорда облысының 1 ауданы оқулықтарды өз күшімен тасымалдауға мәжбүр.

    Қостанай облысының Наурызым ауданы да осы себепті «Қазпошта» АҚ мен қайта келісімшартқа отырды.

    Қазіргі кезде барлық білім беру субъектілері оқу әдебиетін жеткізу мәселесімен белсенді түрде айналысуда. Оқулықтарды жөнелту және жеткізу процесі өңір әкімдіктері мен білім басқармалары басшыларының қатаң бақылауында.

    БҒМ Баспасөз хабарламасы

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.