Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Түркістанда «ақылды үйлер» салынады
    Жаңалықтар

    Түркістанда «ақылды үйлер» салынады

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.08.2018233 Views

    Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев француздық Logelis GROUPE құрылыс компаниясының жетекшілігімен кездесті. Қос тараптың екі жақты жүздесуінде шетелдік компания басшылығы аймақ басшысына облыс орталығы — Түркістан қаласында инновациялық технологиялармен жасалған коттеджді үйлерді салу жобасын ұсына келіпті. Артықшылығы сол, «ақылды» үйлер электр қуатын үнемдеп, пайдаланушыны, мейлінше, артық шығынға ұшыратпайды әрі баспана бағасы қымбат емес бағамда қарастырылған. Инвесторлар «смарт» үйлерді шаһардағы индустриалды аймақтан жер алып, сонда құрастырып, жасауды жоспарлап отыр. Жылына 1 мың үйге дейін жасап, салып беруге даяр компанияның бұл жобасы республикадағы ешбір аймақта, әзірге, жүзеге аспаған. Шетелдік инвесторлардың ұсынысындағы бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтарға қаныққан өңір басшысы пилоттық жоба ретінде Түркістанда 50 үйді салуға болатынын жеткізіп, өңір үшін тиімді тұстарын зерделеуді тапсырды. Сонымен бірге, жауапты сала басшыларына «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламаларының шарттарына сәйкес келген жағдайда, тиісті жұмыстарға қосуды жүктеді.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.