Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Қазақстанда ет өніміне күшейтілген бақылау енгізілді
    Денсаулық

    Қазақстанда ет өніміне күшейтілген бақылау енгізілді

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.08.20181 376 Views

    ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ағымдағы жылдың 7 айында өнімнің қауіпсіздігіне жүргізген мониторингінің нәтижелері бойынша «Омский бекон» АҚ, «Микояновский мясокомбинат» ЖАҚ, «Царицыно» ААҚ және «Курников» АӨК ЖШҚ өндірушілеріне қатысты ет өнімін күшейтілген зертханалық бақылау енгізді.

    Аталған өндірушілер өнім өндіру және таңбалау бойынша техникалық регламенттер талаптарын жүйелі түрде бұзады. Осы уақыт ішінде еліміздің бірқатар өңірлерінің сауда орындарында сәйкес келмейтін өнімдер бірнеше рет анықталды.

    Мысалы, «Омский бекон» АҚ-ы «Популярная», «Бутербродная», «Южная», «Сельская», «Заречная», «Походная»  шұжық өнімдерінде натрий нитриттерінің массалық үлесін 2-3 есеге, левомицетинді 1-2 есеге арттыруға, сондай-ақ микробиологиялық көрсетікштер бойынша бұзушылыққа жол берілген.

    «Микояновский мясокомбинат» ЖАҚ өндірісінің «Южные» және «Сытные» сосискаларында  натрий нитриттерінің үлес салмағы артқаны анықталған,  патогенді микрофлора және ішек таяқшалары тобының бактериясы анықталған.

    «Царицыно» ААҚ-ның шұжық өнімдерінде («Утренние» сосискалары)

    стафилококк анықталған. «Русская»  шұжығында натрий нитриттерінің массалық үлесінің артуы,  «Утренние» және «Бистро» сосискаларында  патогендік жұқтыру анықталған.

    «Курников» АӨК ЖШҚ-ы өндірісінің «Натуральный», «Крестьянский», «Хуторской» тартылған еттері және «Премиум» жартылай фабрикаты тамақ өнімдері қауіпсіздігінің микробиологиялық көрсеткіштері бойынша сәйкес келмейді.

    Әрбір факті бойынша өнімнің сәйкес келмейтін партиясын алып тастау жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді.

    Бүгінгі күні еліміздің уәкілетті органынан және өндірушілердің өздерінен олардың тиісті іс-шараларды жүргізетіні туралы хабарламалар алынды.

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.