Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ақмола облысында ашық аспан астында «Ботай — Бурабай» археологиялық-этнографиялық музей» ашылды
    Жаңалықтар

    Ақмола облысында ашық аспан астында «Ботай — Бурабай» археологиялық-этнографиялық музей» ашылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.08.20181 131 Views

    «Рухани жаңғыру бағдарламасының «Сакральды география» жобасын iске асыру аясында Ақмола облысы Бурабай ауданының аумағында ашық аспан астында «Ботай — Бурабай» археологиялық-этнографиялық музей» ашылды, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    akmola-6

    Саябақтың ашылу рәсiмiне Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрi Дәурен Абаев, Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин, ғылыми орта және үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi қатысты.

    akmola4

    Ашылуы Астананың 20 жылдығына орайластырылған бiрегей саябақ, диаметрi 8-10 метрлiк Ботай дәуiрiнiң жетi тұрғынжайынан тұратын сәулет-мәдени ансамбль ретiнде ұсынылған. Тереңдiгi бiр метрден тұратын шұңқырлар үйлер үшiн база болды. Шұңқырлардың үстiнен шөп пен мүк салынған, үстi сазбен сыланған, саман мен шым жайылған бөренеден күмбез тұрғызылды. Барлық тұрғынжайлар бiр-бiрiмен жерасты жолымен қосылған және олардың әрқайсысы өздiгiнше бiрегей: бiр жерiнде салт-дәстүрлер өткiзiледi, басқа жерiнде ниет бiлдiргендер қолөнермен таныса алады, үшiншiсiнде сол дәуiрдiң қару-жарағы ұсынылған, көршi тұрғынжайда қымыз дайындау және т.б. көрсетiледi.

    akmola3

    2017 жылы Ақпарат және коммуникация министрлiгi Қазақстан аумағында жылқыны қолға үйрету тарихы және Ботай дәуiрiнiң мәдениетi туралы сыр шертетiн «EQUUS Жылқы тарихы» кең ауқымды халықаралық ғылыми кинотрилогия түсiрiлiмiн ұйымдастырған болатын. Ақпарат және коммуникация министрлiгiнiң брендтi одан әрi кеңейту және Ботай мәдениетiнiң этнографиялық музейiн құру туралы бастамасы Орал-Ертiс өзен аралығының Ботай мәдениетiн таратудың бiр ареалы және қазiргi заманғы туристiк инфрақұрылымды дамыту ретiнде Бурабай ауданының аумағында «Ботай-Бурабай» визит-орталығы» құрылысын ұйымдастырған Ақмола облысының әкiмдiгiнде қолдау тапты.

    akmola3

    Жобаның мақсаты: қазақ халқының ежелгi мәдени дәстүрлерiн тұрақты, әрi үздiксiз қалпына келтiру, Қазақстан азаматтарының әлемдiк мәдени қазынаға тарихи үлесiн тиiмдi насихаттау мүмкiндiгi және Қазақстанның мәдени жетiстiктерiн белсендi насихаттау үшiн жағдай жасау, Ақмола өңiрiнiң туристiк индустриясын дамыту.

    akmola5

    Ботай мәдениетi — дала өркениетiнiң матрицасы болып табылады, ол қазiргi заманғы дамудың векторы мен динамизмiн айқындады. Соңғы алты мың жыл iшiнде Еуразия тарихының қарқынды жаңашылдығы, өмiрдiң аграрлық және әлеуметтiк-мәдени саласында тағдыр құлшынысы болды. Қазақстандық ғалымдар В. Зайберт пен Н. Баймұхановтың еңбектерiнде ботай мәдениетiнiң интеллектуальды мазмұны жоғарғы беделге ие болды және Science, Nature және басқа да халықаралық басылымдарда ғылыми тұрғыдан танылды.

    ХХ ғасырдың таңғажайып археологиялық жаңалығы — Ботай мәдениетiнiң авторы Виктор Федорович Зайберт  — археология профессоры, тарих ғылымдарының докторы, ҚР Социологиялық ғылымдар академиясының корреспондент мүшесi тарихтың осы кезеңiн ерекше атап өтедi, себебi сол дәуiрде Солтүстiк Қазақстан аумағында жабайы жылқыларды қолға үйрету орын алды. Бұл факт халықаралық ғылыми қауымдастықпен дәлелдендi.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.