• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Мамыр 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Көз көрген замандастары Шәмші Қалдаяқовты сағынышпен еске алды

17.08.2018
0

Шәмші жайлы қалам тербемеген қаламгер кем де кем шығар. Ал, Шәмшісін ардақ тұтып, ескірмес естеліктерін жиі ойға алатын көз көргендері мен жерлестерінің ыстық ықыласы одан да ерекше. Шәмші — отырарлық болғаны мақтаныш қана емес, ұлы дарын иесі ауасын жұтып, қара топырағын басқан аймақтағы әрбір жанның баршаға үлгі — қасиет иесі,  ой мен бой түзеуге лайық тәрбие адамы болуы әбден ләзім. Толғаныс пен сағынышқа толы бұл пікірді бүкіл қазақ жұрты ұлықтап «Ән патшасы» атаған Шәмші Қалдаяқовтың көзін көргендер білдірді.

img-20180816-wa0058
Ғасырлар қойнауында қаншама ұлылардың есімін қайталап, тарихтың төл беттерінде алтын әріппен жазылған мәңгілік бейнелерді өмір көшінде  жаңғыртып келе жатқан киелі Отырар жерінің ұлы дәстүрі Шәмшідей шамшырақ тұлғамен тағы да шамын жаққаны белгілі. Арысты аялап, Ақсудың толқынын әнмен тулатқан, Теріскейдің келбетін ән етіп, Отырардың пейілі мен қонақжайлылығын  әрбір нота дыбысымен-ақ елестеттіре білген ұлы композитордың 88 жылдық төл мерекесін отырарлық жерлестері «Шәмшінің әні-халықтың әні» еске алу кешімен атап өтті. Дара тұлға рухына құран бағыштап, ескерткішіне гүл шоқтарын қойған Отырар ауданының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы бастаған аудан активі және зиялы қауым өкілдері мен сазгердің көзін көрген абыз ақсақалдар, ауыл тұрғындары Шәмші Қалдаяқов ауылдық мәдениет үйі фойесіндегі ұлы композитор жайлы құнды жәдігерлер мен кітаптардан жасақталған көрмені тамашалап, дөңгелек үстелде бас қосты.

img-20180816-wa0047
«Қазақ ән өнерінің тарихында өшпестей із қалдырған, халқымызға ғажайып әсем әндерін сыйлап кеткен сазгер, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов — халқымыздың біртуар ұлдарының бірі, әрі бірегейі. Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, лирикалық сарынымен, туған жерге, елге деген айрықша сүйіспеншілігімен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі — қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруында, халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Қазір ұлы сазгердің әндерін кей шет мемлекеттің халқы ерекше ықыласпен айтып жүр. Бұл — келешекте Шәмшіні әлем халқы танып, оның туған жеріне келуге қызығушылық танытатындардың саны артады деген сөз. Біз өз кезегімізде Шәмші ауылына келушілерге қолайлы жағдай жасап, тиісті жұмыстар атқаратын боламыз. Бүгінгі таңда осы бағыттағы бағдарлы жұмыстар басталып та кетті» -деді, аудан басшысы Е.Айтаханов.

img-20180816-wa0046
Басқосуда Шәмшінің көзін көрген замандастары мен туыстары естеліктер айтып, сазгер бойындағы ерекше ізгі қасиеттерін сөз етті.
Жиналған көпшілік «Ән аға» фильмінде Шәмші Қалдаяқовтың  рөлін сомдаған аудандық Мәдениет үйінің әншісі, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері  — Мейірбек Қауымбаевтың сағынышқа айналған ардақты жанның кейпімен оның әндерін қасиетті қара домбырамен шырқауы ерекше әсерге бөледі.

img-20180816-wa0042

img-20180816-wa0054
Ән аға Отырарға қайта келгендей сағынышқа бөленген замандас, туыстары «Арыс жағасында», «Ақсудан ұшқан аққуым», «Отырардағы той» сынды бірқатар әндерін қосыла шырқады.
Аудан өнерпаздары да жанды дауыста композитордың мәңгілік шығармаларын орындап, концерттік бағдарлама ұсынды.
Кездесу кешінен соң аудан әкімі ауылдағы жаңадан салынып жатқан «Шәмші» саябағы мен елдімекенді газдандыру жұмыстарын аралап, жұмыстарды қадағалап шықты.

img-20180816-wa0062
Айта кетсек, алдағы уақытта даңқты дарын иесінің есімімен аталатын Шәмші Қалдаяқов ауылында еңселі ескерткіш пен жаңа саябақ және ашық аспан астындағы сахна бой көтермек. Қазіргі таңда, қарқынды құрылысы жүріп жатқан бұл аймақта жолдар төселіп, нысанның негізгі жұмыстары қалану үстінде. Ұлы композитордың туған күні қарсаңында басталған айтулы орындардың ашылу салтанаты кең көлемде атап өтілмек.

Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?

Айғақ медиа
01.05.2026
0

2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.