Биыл Қазақстаннан кілем экспорты екі есе артты, деп мәлімдеді ҚР инвестиция және даму министрлігінің индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алмас Батанов.
«Отандық кілем экспорты Қырғызстан, Тәжікстан, Германия, Ресей және т.б. елдерге 43% өсті», — деді А. Батанов бейсенбідегі брифингте.
Сонымен қатар оның айтуынша, 2018 жылдың соңына дейін жеңіл өнеркәсіптің үш жобасын енгізу жоспарланған.
Жалпы ол атап өткендей, жыл басынан бері жеңіл өнеркәсіп өсімі 1,5% құраған.