Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Түркістандық жас кәсіпкер ерекше жобаны жүзеге асыруды қолға алды
    Жаңалықтар

    Түркістандық жас кәсіпкер ерекше жобаны жүзеге асыруды қолға алды

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.08.2018253 Views

    Түркістандық жас кәсіпкер Исламбек Жандар осыдан екі жыл бұрын Қытайдан автокөлікке қажетті бөлшектерді құрастыруды үйреніп, арнайы құрылғыны аспанасты елінен ала келіп қызығушылықпен іс бастаған. Содан бері кәсібі бір жүйеге түскен Исламбек бүгінде автокөлікке қажетті түрлі тазартқыштардың (фильтр) 280-нен астам түрін жасап шығарады. Тапсырыста аз емес, тұтынушыларының қатары еселене түсуде. Биылғы жылы кәсіпкер ісін дамыту үшін биыл мемлекет тарапынан «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша арнайы грант ұтып алды.

    Қазір тәулігіне 1000 данаға дейін өнім кәсіпкердің шағын ғана цехында шығарылады. Ең бастысы, бұл дайын өнімге қажетті шикізаттың 70-80 пайызы — отандық өнім. Тек қажетті қағазы ғана Қытайдан әкелінеді екен. Жас кәсіпкер енді сол дүниені де осында өндіруді жоспарлап отыр.

    Сонымен қатар ауыр жүк көліктеріне арналған ауа тазартқыштар біздің нарыққа көрші Қытай және Еуропа елдерінен жеткізілетін еді. Енді Түркістандағы Исламбектің шағын ғана цехында шығарылып жатыр.

    Шағын цехтың иесі бүгінде 8 адамды жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді жоспарлап отырған Исламбек отандық өнімнің көлемін 100 пайызға жеткізіп, яғни Қытайдан әкелінетін шикізат қағазды да осында шығаруды келер жылы бастауға тәуекел етіп отыр. Ол кезде қосымша жұмыс күші де қежіт болады екен. қазіргі таңда Исламбек Жандардың цехында бір айда ауа, май және бензин тазартқыштың 280-нен астам түрінен 25 мың данасы шығарылады. Алдағы уақытта оның көлемі еселеп артпақ. Себебі ол «Ырыс»қаржы ұйымының «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша грантын ұтып алған.

    Жалпы, Түркістан қаласында жыл басынан бері «Ырыс» қаржы ұйымы арқылы 25 жоба қаржыландырылған. Оның ішінде автокөлікке қажетті тазартқыштар шығаратын цехтан бөлек, қоқыс қалдықтарын өңдейтін жоба да бар.

    Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.