Мың жылдық рухани жаңғыру немесе бауырлардың басқосуы. Мажарстанда түбі түркі халықтарының кезекті құрылайы өтті. Екі жылда бір өтетін халықаралық шараға осыдан МЫҢ 100 жыл бұрын Ғұн им-периясының құрамында болған ұлттар мен ұлыстар жиналды. Бір кездері тілі мен ділі, жері мен қаны ортақ болған халықтар Будапешттегі Аттила батыр алаңында бас қосты. Құрылтай ежелгі түркі халықтарының шеруімен басталды. Салтанатты шарада қазақстан атынан сөз алған Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев құрылтай қатысушыларына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізді. Сондай-ақ қазақстанда ашылған ежелгі ғұндардың тарихы мен мәдениетін зерттейтін орталықтың жұмысы жайлы айтып берді. Бұдан бөлек Ақтөбе облысының атынан мажар еліне ұлттық нақышта безендірілген киіз үй тарту етіп, барша бауырларды Түркістанға қазақ жеріне тарихи туризм жасауға шақырды.
Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:
— Әрбір ұлт өзінің тарихын дәстүрін салтын ұмытпау керек деп ойлаймын. Мен ойлаймын осындай құрылтайлар бізде де өткізу керек. Мен бүгін енді ұсыныс айттым. Осындай құрылтайды Ақтөбе қаласында да өткізсек деген. Осындай құрылтайлар көп болса онда біздің еліміз ары қарай да абыройлы болады.
Ласло Кевер, Мажарстан Парламентінің спикері:
— Құрылтай қатысушыларының барлығы әйгілі гұн қағанатын билеген аттила батырдың ұрпақтары. Мажарлар батысқа қоныстанған шығыс халқы. Біздің халқымыздың санасында шыққан жеріміз Орта Азия екені жатталып қалған. Түркі халықтарының құрылтайы тарихымызды бұрмалағысы келетіндерге арналған үндеу екенін айтқым келеді.
Дереккөз: 24.kz.