• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 9, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Түркістан облысындағы қаланың, ауданның Құрметті азаматы» атағы кімдерге және не үшін беріледі?

15.08.2018
0

 Түркістан облысының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында «Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы»  атағын беру қағидасының жобасы қаралып, Қоғамдық кеңесі мүшелерінің тарапынан колдау тапты.

«Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы» атағын беру қағидасында көрсетілген  талаптарды оқырмандардың назарына ұсынып отырмыз. Атап айтқанда:

  1. «Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы» атағы не үшін беріледі және не себебтен берілмейді?

«Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы» атағы экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытуға қосқан үлкен үлесі, мемелекеттік және қоғамдық қызметтегі жетістігі, демократияны,  жариялылық пен әлеуметтік прогресті, рухани және интеллектуалд әлеуетті дамытудағы, заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жетістіктері, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі, ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту, облысты мекендейтін халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жемісті жұмысы, өндіріс саласындағы,  бизнестегі, шығармашылықтағы, спорттағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі, қоршаған ортаны қорғаудағы жоғары жетістіктері, қайырымдылық пен мейірбандық қызметтер жасауда облыс алдында айрықша сіңірген еңбегі үшін беріледі.

«Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы» атағы азаматтарға көзі тірісіндегі  беріледі.

«Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы» атағы заңсыз сотталған және кейіннен сот шешімі бойынша толық  ақталған тұлғаларды қоспағанда соттылығы бар, сондай-ақ бұрын сотты болған тұлғаларға берілмейді.

2.«Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы» атағын беруге ұсыну тәртібі

«Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы» атағы жылына бір рет беріледі. «Түркістан облысының қаласының, ауданының Құрметті азаматы» атағы жыл сайын әрбір қала, аудан бойынша он адамға дейін-ақ берілуі мүмкін.

«Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы» атағын беру еңбек ұжымдары, саяси партиялар, қоғамдық және діни бірлестіктер, сондай-ақ ауылдық округтер (қаладағы аудан) әкімдерінің бастамасы бойынша, жергілікті қоғамдастық жиналыстарының (жиындарының) шешімдері негізінде жүзеге асырылады.

  «Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныс тиісті қалалық, аудандық мәслихаттарға қала, аудан әкімімен аталған мәселені қалалық, аудандық мәслихаттың сессиясында қарауға дейін 1 айдан кешіктірмей енгізіледі.

«Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімді қалалық, аудандық мәслихат қабылдайды.

«Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы» атағын беру мәселері бойынша құжаттарды жүргізу мен есепке алуды, қалалық, аудандық бюджеттің есебін куәлігі мен төс белгісін жасауды қала, аудан әкімі аппараты жүзеге асырады.

«Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы» туралы куәлікке қала, аудан әкімі мен қалалық, аудандық мәслихаттың хатшысы қол қояды.

«Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы» куәлігі мен төс белгіні қаланың, ауданның әкімі, мәслихат хатшысы салтанатты жағдайда тапсырады.

«Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім жергілікті мерзімдік баспасөз беттерінде жарияланып, телерадио хабарларынан беріледі.

            3.«Түркістан облысы қаласының, ауданының Құметті азаматы» атағынан айыру және қалпына келтіру

«Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы» атағы берілген тұлға, аталған тұлғаға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, оған атақ беру туралы ұсыныс енгізген қала, аудан әкімдерінің ұсынымы негізінде, тиісті мәслихат шешімі бойынша ол атақтан айырылады.

«Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы» атағынан айырылған тұлға, қайталап аталған атақ беруге ұсыныла алмайды.

Заңсыз сотталған және сот шешімі бойынша толық ақталған азаматтарға «Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы» атағы тиісті әкімнің ұсынысы негізінде тиісті мәслихаттың шешімімен қалпына келтіріледі.

Дайындаған: Айдар Дидар

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Қазақтың қолөнері – ғасырлардан жеткен асыл мұра. Бүгінде сол мұраны дәріптеп қана қоймай, оны кейінгі ұрпаққа үйретіп жүрген шеберлер аз...

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Шымкентте 40 тұрғынның көптен күткен арманы орындалды. Әлеуметтік санаттағы азаматтарға арендалық тұрғын үйдің кілті табысталды. Жылдар бойы баспана кезегінде тұрған...

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

10 тамыз – қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Осы айтулы датаға орай Шымкентте «Абай сөзі –...

ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ТЕГІН КӨМЕК

КҮН САЙЫНҒЫ ЕРЛІК

Айғақ медиа
05.08.2026
0

Бір күн. Ондаған тапсырма. Жүздеген адамның қауіпсіздігі. Бұл – полиция қызметкерінің қалыпты жұмыс күні. Форманың ар жағында қандай жауапкершілік жатыр?...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.